Өрлеу сайты

«Көрме» орталығында «ТКШ – ЭКСПО — 2016» Халықаралық форумы өтті

«Көрме» орталығында «ТКШ – ЭКСПО — 2016» Халықаралық форумы өтті

«Көрме» орталығында «ТКШ – ЭКСПО — 2016» Халықаралық форумы өтті

2016 жылдың 11 қарашасында «»Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері «Көрме» орталығында «ТКШ – Экспо — 2016» Халықаралық форумына қатысты. Форум аясында «Тұрақты ТКШ және Құрылысы — Тұрақты қалалар» Халықаралық конференциясы мен «Тұрғын үй Экспо және индустриясы» атты IX Халықаралық көрме өтті.

Форум тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс кешенінің маңызды салалық бағыттарын қамтығанын атап өту қажет. Көрмеге келушілер ТКШ және құрылыс индустриясы ұсынған құрылыс материалдары мен технологиялары, коммуналдық техникалары, энергия тиімділігі, газ және сумен жабдықтау, тазарту технологияларымен танысты. Көрмеге Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Польша, Түркия, Бельгия, ҚХР кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты.

Форумның өткізілуі Астана қаласында «Болашақтың Энергиясы!» ұранымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында ТКШ құрылыс материалдары мен ең озық энергия үнемдеуші технологияларды демонстрациялау бойынша практикалық қадам болды.