Өрлеу сайты

Біз туралы

1917 ж. қыркүйек – С.Сейфуллиннің басшылығымен Орыс-қазақ мектебінде ұйымдастырылған алғашқы үшайлық біліктілікті арттыру курстары.
1999 ж. – «Кадрларды қайта даярлау орталығы» МКҚК-ның ашылуы.
2001 ж. – «Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-да кадрларды қайта даярлау орталығын қайта құру.
2012 ж. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлтты қ орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы бойынша педагог кызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып қайта құрылды.

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстаның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған 7 оқу модулдік қайта даярлау бойынша модулдік-жинақтық жүйесінің курстары көзделді.

Осы мақсатта 2011-2012 жж. аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың 2975 педагогы аталған бағыттар бойынша біліктілігін арттырды.


ПҚ БАИ-да 2012 жылдан бастап «НЗМ» ДББҰ-ның үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүзеге асырылды. 2012 жылы 300 мұғалім білімін көтерді.
2012 жылдан бастап Астана қаласы ПҚ БАИ-да инновациялық технологияларды қолдану арқылы жаңартылған бағдарлама бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылуда.