Өрлеу сайты

Институт туралы

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Филиалдың миссиясы: білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде корпоративтік басқарма негізінде әлемдік және қазақстандық тәжірибені тарату. Астаналық педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру үдерісіне ұйымдастырушылық, мазмұндық, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.

Филиалдың мақсаты: біліктілікті арттыру жүйесінің мазмұнын жаңғырту арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін тиімді дамыту және оның мәртебесін арттыру үшін жағдай жасау.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметінің басты бағыттары мен міндеттері:
— педагогтар деңгейінің кәсіби сапалы өсуін қамтамасыз ету;
— біліктілікті арттырудың жаңа моделін іске асыру үшін отандық және халықаралық тәжірибеге жағдай жасау;
— филиалдың профессорлары мен оқытушылар құрамы мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үдерісіне және жұмысына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолдануды және енгізуді қамтамасыз ету;
— Астана қаласы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру және өткізу;
— жаңа жүйе бойынша 3 айлық курстардағы біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және өткізу;
— педагог кадрлардың курстық және курсаралық үдерісінде теория мен тәжірибенің бірыңғай қағидасын жүзеге асыру, курс мазмұнының практикалық бағыттылығын күшейту.