Өрлеу сайты

«2016 жылдың Үздік педагогі»

«2016 жылдың Үздік педагогі»

«2016 жылдың Үздік педагогі»

2016 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласының «Қазақстан» концерт залында «2016 жылдың Үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Биылғы жылы еліміздің өңірлерінен 48 педагог жоғары атаққа лайық деп табылды. Марапаттау салтанатының мәртебелі қонақтары қатарында ҚР Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері болды. «Өрлеу» БАҰО АҚ Төрағасы Гүлназ Кенжетайқызы Ахметова және Біліктілікті арттыру институттары филиалдарының директорлары да арнайы шақырылып кеш куәсі болды.
«2016 жылдың Үздік педагогі» жеңімпаздарын ресми марапаттау салтанатынан соң, ұстаздық жолда ерен еңбектерімен жетістіктерге жеткен жекелеген педагогтарға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы. Алтынсарин» төс белгілері табыс етілді. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Алтын белгі» алған түлектерді дайындауда нәтижеге жеткен педагогтар мен отбасылық ұстаздар дәстүрін жалғастырушы педагогтардың еңбектерін де атап өтті.
Министрлік салтанатты жиынға қатысқан педагогтарға қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырып, қуанышты көңіл-күй сыйлады.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері де мерекелік ісшараның куәсі болып, жаңа оқу жылына мол серпіліс алды.

Пікір қосу