Өрлеу сайты

Саха Республикасының біліктілікті арттыру институтының өкілдерімен кездесу өтті

Саха Республикасының біліктілікті арттыру институтының өкілдерімен кездесу өтті

Саха Республикасының біліктілікті арттыру институтының өкілдерімен кездесу өтті

2016 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша біліктілікті арттыру институтында кәсіби қызмет бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Саха Республикасының біліктілікті арттыру институтының өкілдерімен кездесу өтті.  Институт қызметкерлері якутиялық әріптестеріне қазақстандық мектептерде жаңа форматты білім беру, шетелдік тәжірибе жинақтау және халықаралық серіктестікті ұйымдастыру, педагогтардың АКТ-құзыреттілігін дамыту және смарт-оқыту бойынша аспектілерді ашып, филиалдың оқу-әдістемелік қызметі туралы  ақпараттарды ұсынды. Институттың қызметкерлері өз баяндауларында әр мұғалім сандық білім беру контенттеріне, оқыту алаңдарына, онлайн-семинарлар мен шеберлік сабақтарына қосылуға педагогтардың желілік қауымдастығы құрылғандығын атап өтті.
Ақпарат алмасу барысында екі елдің өкілдері арасында біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыру мен кәсіби дамуының тиімді жолдарын инновациялық тұрғыда шешу бойынша келелі сұқбат өрбіді. Кездесу қызықты да жемісті өтті. Тәжірибе алмасу барысында кәсіби салада серіктестік орнатудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды.

Пікір қосу