Өрлеу сайты

2016 жылдың 23 мен 26 қыркүйегі аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен «2016 жылдың Үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысушы 31адамнан тұратын Алматы облысының делегация мүшелерін қарсы алды.
Делегация құрамында Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Л.Т.Базарқұлова, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, Тәуелсіздік құрдастары — ұстаздар отбасы, «Алтын белгі» алған түлектерді дайындауда нәтижеге жеткен мұғалімдер және «2016 жылдың Үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпаздары болды.
ҚР БҒМ ұйымдастыруымен филиал қызметкерлері делегация мүшелеріне астаналық № 66 мектеп-лицей мен ОКЗ базасында дайындық жүргізуде көмек көрсетіп, іс-шара жөнінде толық ақпарат ұсынып, уақтылы келулерін қамтамасыз етті. Алматы облысының өкілдері өткізілген іс-шара деңгейіне өз ризашылықтарын білдірді.

Пікір қосу