Өрлеу сайты

«Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасы

«Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасы

«Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасы

«Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасының
Елбасының Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасы халық назарына ұсынылған болатын.
Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасы дайындалып көрсетілімге шығарылды. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тапсырмасын орындау барысындағы 87 қадам аясында құрылған «Қазақстан энциклопедиясы» көлемді интернет-жоба. Сандық қосымшаның мақсаты кезкелген Қазақстан азаматы мен шетелдік туристерге елімізді кеңінен таныстыру болып табылады.
2016 жылдың 16 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері қазақ, орыс, ағылшын үш тілде берілген кең ауқымды қамтыған сандық энциклопедиямен танысты. География, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және ЭКСПО – 2017 бойынша10 бөлімнен тұратын сандық қосымша заманауи үлгіде жоғары деңгейде дайындалып ұсынылған.
Институт қызметкерлеріне Windows жүйесі базасының қосымшаларында, сондай-ақ Apple, Android (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) құрылғыларында пайдалану мүмкіндігі бар екендігі жөнінде ақпарат берілді. Институт сайтында «Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасының ақпараттық баннері жасалып, ұсынылды.

Пікір қосу