«Өрлеу» «БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ» филиалы Астана қаласының Білім Басқармасымен бірлесіп білім беру ұйымдар әдіскерлерінің қатысуымен 2014 ж. 20 маусым айында «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауының қалалық кезеңін қорытындыланды.
Байқау оқу үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және 12-жылдық оқытуға көшу жағдайында педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуын ғылыми-әдістемелік қолдауға бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаты: барлық деңгейдегі әдіскерлердің инновациялық және кәсіби-маңызды тәжірибелерін анықтау мен тарату, сонымен қатар, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде қоғамдағы әдіскердің мәртебесі мен ұстанымын қалыптастыру.
Байқаудың өтуіне инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі үлкен жұмыс атқарды.
Қатысушыларды және байқаудың республикалық кезеңiнiң 2013 жыл «Жыл әдiскері» жеңiмпаздарын шақырумен инновациялық дамытуды әдiстемелiк қамтамасыз ету бөлiмi «Повышение профессионализма, эффективности деятельности и реализации творческого потенциала методистов системы образования Республики Казахстан» тақырыбы бойынша қалалық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде «Жыл әдiскері — 2014» қалалық және республикалық кезеңi талқыланды.
«Үздік жыл әдіскері» байқауы дөңгелек үстелінен кейін дайындық басталды.
Білiм басқармасы және «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ» филиалы «Үздік жыл әдіскері» байқауының әділ-қазылар алқасы туралы бұйрық шығарды.
Байқаудың қалалық кезеңіне білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты:
— 5 мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері;
— 3 білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскерлері;
— 8 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің әдіскерлері;
— 3 қосымша білім беру мекемелерінен;
— 3 жоғары оқу орынынан;
— 3 инновациялық даму әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас мамандары.
Әділ-қазылар мүшелері Техникалық-кәсіптік білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарына жетекшілік жасайтын әдіскерлерді шығармашылық тұрғыдан креативтіліктерімен көзге түсіп, өзіндік білімдерін көтеруге мақсат қойғандықтарын атап өтті.
Қазылар алқасы жұмысының нәтижесiнде республикалық байқауға ұсынылған:
мектепке дейінгі ұйымдарынан — Есмаганбетова Б.С. – №37 «Арман» балабақшасының әдіскері;
білім басқармасының әдістемелік кабинетінен— Әмірғалиева Д. – қазақ тілінде оқытатын тарих пәнінің әдіскері;
техниқалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен — Сейдахметова Б.А. – Астана қ. Басқару колледжінің әдіскері;
қосымша білім беру мекемелерінен -Татенова Г.С.-«ОКЕАН-АРТ» шығармашылық орталығының директоры;
жоғары білім беру мекемелерінен— Шаханова Г.А. – доцент, ф.м-ғ.к., профессор Казақстан-Ресей университеті;
инновациялық дамуды әдістемелік қамтамаз ету бөлімінен — Бектурова З.К. –бас маман.
Ағымдағы жылдың күз айында өтетін «Жыл әдіскері» республикалық байқауына жоғары аталған біздің әдіскерлер-жеңімпаздарымыз қатысады.
Оларға күнделікті жұмысында шығармашылық пен сәттілік тілейміз.