Өрлеу сайты

ҮЗДІК ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ Республикалық байқауының қалалық кезеңі

ҮЗДІК ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ Республикалық байқауының қалалық кезеңі

ҮЗДІК ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ Республикалық байқауының қалалық кезеңі

«Өрлеу» БАҰО АҚ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ филиалы Астана қаласының Білім Басқармасымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің қатысуымен«Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау оқу үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және 12-жылдық оқытуға көшу жағдайында педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуын ғылыми-әдістемелік қолдауға бағытталған. Байқау мақсаттары:

  • мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерінің инновациялық кәсіби-мәнді тәжірибесін айқындау, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру;
  • мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әдіскерлердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетінқалыптастыру мен мәртебесін көтеру.

Байқауға Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының келесі әдіскерлері қатысты:

  • Муханова Алия Тургуновна, №30 «Қайнар» балабақшасының әдіскері.
  • Есмаганбетова Баян Сайрановна, №37 «Арман» балабақшасының әдіскері.
  • Калдыбаева Шынар Сыздыковна, №38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері.
  • Сагимбекова Ментай Бахытовна, № 49 «Алтынай» балабақшасының әдіскері.
  • Ахметова Зауре Жайлаубайқызы, № 65 «Бал бала» балабақшасының әдіскері.

Байқаудың талаптарына сәйкес қатысу үшін әдіскерлер төмендегі материалдарды ұсынды:

  • электронды портфолио гиперсілтемесімен;
  • мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық технологияларды қолданушығармашылық шеберхана материалдары;
  • өзін-өзі таныстыру (қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнебаян).

Байқаудың қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалау критерийлері бойынша сараптама жасады. Байқаудың женімпазы Есмаганбетова Баян Сайрановна №37 «Арман» балабақшасының әдіскері. Женімпаздың документтері Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауына жіберілді.

Пікір қосу