Өрлеу сайты

Әдіскер – шығармашыл мамандық

Әдіскер – шығармашыл мамандық

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ» филиалында «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.Байқаудың негізгі мақсаты: барлық деңгейдегі әдіскерлердің инновациялық және кәсіби-маңызды тәжірибелерін анықтау мен тарату, сонымен қатар, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде қоғамдағы әдіскердің мәртебесі мен ұстанымын қалыптастыру.
Қазіргі жаңашыл педагогтің өзіндік білімін кәсіби көтеруде әдіскердің рөлін бағалау қиындық тудырады, өйткені ол қазіргі білім беру жүйесінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты педагогтердің тиімді тәжірибелерін алға жетелейтін, әдістемелік жұмыстың технологиясын, әдістері мен түрлерін, базасын қалыптастыратын маңызды тұлға болып табылады.
Байқаудың қалалық кезеңіне 8 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты:
Әділқазылар мүшелері техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарына жетекшілік жасайтын әдіскерлер: «Асу» гуманитарлық-техникалық колледж білім беру мекемесі- Людмила Васильевна Пак, Қаз ГЗУ гуманитарлық-заң колледжі- Раушан Хасеновна Елеусизова, Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі — Ботагөз Кайратовна Шапишева, Басқару колледжі- Баян Аскаровна Сейдахметова, Технологиялық колледж- Елена Юрьевна Дедюхина, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі- Умитшах Ануарбековна Кстаубаева шығармашылық тұрғыдан креативтіліктерімен көзге түсіп, өзіндік білімдерін көтеруге мақсат қойғандықтарын атап өтті.
Техникалық және кәсіби білім беру әдіскерлері арасынан Астана қ. Басқару колледжінің әдіскері Сейдахметова Баян Аскаровна жеңіске жетті.
Ағымдағы жылдың күз айында өтетін «Үздік жыл әдіскер» республикалық байқауына біздің әдіскер-жеңімпаз қатысады.
Оған күнделікті жұмысына шығармашылық пен сәттілік тілейміз.

Пікір қосу