Өрлеу сайты

Қазақстан Республикасына Оңтүстік Корея делегациясының ресми сапары аясында

Қазақстан Республикасына Оңтүстік Корея делегациясының ресми сапары аясында

2014 жылдың 26-шы қарашасында филиал әкімшілігі мен оқытушылардың қатысуымен  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстан Республикасына Оңтүстік Корея делегациясының ресми сапары аясында кездесу болды. Қазақстанда мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігі дамуы мен біліктілікті арттыру қағидалары кореялық делегация әріптестерінің қызығушылығын танытты.

Біліктілікті арттыру курстарының бірыңғай модульдік бағдарламасы көрсетіліп, педагогтарды даярлау жүйесімен таныстырылды.  Кездесуде білім саласы мамандарын даярлау жүйесі бойынша тәжірибе алмасу болды.

Қысқа мерзімді, деңгейлік және технологиялық модуль курстары аясында педагогтардың АКТ-құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі баяндалды. Кездесу қатысушылары электронды оқытуды енгізу мәселесін талқылады. Мұғалімнің педагогикалық тәжірибесіне смарт-оқуды енгізу мүмкіндігі көрсетілді.

Пікір қосу