Өрлеу сайты

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инновациялар

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инновациялар

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инновациялар

2018 жылдың 28 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ жедел жоспарына сәйкес  «Аружан» № 4 балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды қолдану» атты әдістемелік десант өткізді. Іс-шараға «Көптілділік» кластерінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 52 педагогі қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л.А.Саинова және № 4 «Аружан» балабақшасының меңгерушісі Е.В.Иванченко құттықтау сөз сөйледі.

Жұмыста түрлі аспектілер қамтылды.

Директордың орынбасары, п.ғ.к., PhD А. И. Чокушева өз сөзінде жаңа талаптарға сәйкес мектепке дейінгі білім беру педагогінің кәсіби біліктілігін ашты.

«Океан-Арт» Арт-Терапия шығармашылық орталығы» ҚБ бас директоры, арт-терапевт, «Көкше» Академиясының педагогика және психология кафедрасының доценті Г.С.Татенова көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда арт-терапия мүмкіндіктерін көрсетті.

ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы, тренері Ж.С. Нұрмағамбетова сыни ойлау әдістері мен стратегияларын қолдану туралы ақпарат берді.

Астана қаласының гуманитарлық колледжінің ағылшын тілінің арнайы пәндерінің мұғалімі Ш.А.Сагымбекова мектепке дейінгі жастағы балаларды ағылшын тілінде оқыту кезінде жобалық технологияның артықшылықтары туралы әңгімеледі.

«Аружан» № 4 балабақшаның педагогтері, ағылшын тілі мұғалімі М.А.Жайсанбаева және тәрбиеші Н.А.Денисенко «Заюшкина избушка» ертегісін жаңа тәсілмен театрландырды.

Қазақ тілі мұғалімі Л.Л.Сүлейменова, ағылшын тілі мұғалімі М.А.Жайсанбаева және тәрбиеші Н.А.Денисенко балаларға үш тілді үйрету бойынша дидактикалық ойындар өткізді.

№ 21 «Гүлдер» балабақшасының әдіскері Г.Р.Нұрғалиева «Біз үш тілде сөйлейміз» шебер-сыныбында балабақшаның оқу-тәрбие процесіне көптілділікті енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Педагогтер пікір алмасты, сұрақтарына жауап алды. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ «MЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ»