Өрлеу сайты

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылатудың өзекті мәселелерін талқылау

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылатудың өзекті мәселелерін талқылау

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылатудың өзекті мәселелерін талқылау

2017 жылдың 18 қазанында Астана қаласында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Ақпараттық-талдау орталығымен» бірлесіп «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылатудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған ұйымдардың мамандарымен қатар дөңгелек үстел жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, облыстық және Астана, Алматы қалалық Білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелеріне жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысып, өз ойларын ортаға салды. Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Л.К. Боранбаева қатысты.

Дөңгелек үстел барысында педагогтің кәсіби біліктілігін арттырудың өзектілігі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында мамандарды қайта даярлау, ЖОО, педагогикалық колледждерде сауат ашуды оқыту әдістемесінің арнайы курсын енгізу жолдары жөніндегі мәселелер қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.