Өрлеу сайты

Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында білім беру ортасының мазмұны

Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында білім беру ортасының мазмұны

Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында білім беру ортасының мазмұны

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында ағымдағы жылғы қыркүйектің 11 -нен 22 –сі аралығында «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтуде. Курс жалпы білім беру мектептерінің педагогтеріне арналған. Курс жетекшісі: п.ғ.к., Байтұрсынова Айгүл Аманжолқызы.

Курс мақсаты: Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің дамуы және ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың жағдайлары жөнінде тыңдаушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту.