Өрлеу сайты

Астана: Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі

Астана: Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі

2017-2018 оқу жылы – білім беруді жаңғыртуды жалғастыру, позитивті өзгерістер мен жаңа идеяларды шығармашыл түрде жүзеге асыру жылы.

2017 жылдың 24 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ профессорлық-оқытушылар құрамы Астана қаласы педагог қызметкерлерінің Тамыз конференциясында 22 пән бойынша секция жұмыстарына қатысты.

Қатысушылар секциялық кеңес барысында Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінің ерекшеліктерін, сонымен қатар алдағы оқу жылына арналған педагогтер қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.

Филиалдың тренерлері мен оқытушылары Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Өрлеу» БАҰО» АҚ қызметінің негізгі бағыттарын баяндап, инклюзивті білім беруді, үштілділікті, робототехниканы енгізу және патриоттық тәрбие беруді іске асыру бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары мазмұнының ерекшеліктерін түсіндіріп, курстарды өткізудің жаңа форматымен қала педагогтерін таныстырды, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу процесін әдістемелік қолдаудағы инновациялық формаларын ашты.