Өрлеу сайты

ТжКБ оқытушыларына арналған Республикалық интернет-байқау

ТжКБ оқытушыларына арналған Республикалық интернет-байқау

ТжКБ оқытушыларына арналған Республикалық интернет-байқау

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2017 жылдың 1 — 30 наурыз аралығында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқытушыларына арналған «Ойдан іске асыру» ұранымен «EXPO-2017» жобалау жұмыстары мен дизайнерлік макеттерінің Республикалық Интернет-байқауы өтті.

Мақсаты: ТжКБ жүйесінің педагогтері мен өндірістік білім беру шеберлерінің кәсіби, жеке және шығармашылық әлеуетін қолдау және анықтауға жағдай жасау.

Интернет-байқау «Сәулет, жобалау, құрылыс», «Астана 2017 – қалалық мерекелік безендіру», «Графикалық дизайн «EXPO-2017» қонақтарын қарсы алу» бойынша үш бағытта өтті. Әр бағытта сәйкес номинациялар анықталды.

Байқаудың сараптау комиссиясының құрамына шақырылғандар:

Мәлібекұлы Жандарбек, елімізге еңбегі сіңген сәулетші, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ҚР мемлекеттік елтаңбаның авторы, әділқазылар төрағасы;

Джилкибаева Индира Кудайбергенова, Астана қ. «Тұран» колледжінің дизайн оқытушысы;
Туганбекова Айнагуль Дуйсенбековна., Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының педагогі;
Негметжанова Сания Ануаровна, Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының педагогі.

Байқауға республиканың 9 аймағынан ТжКБ беру жүйесінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік шеберлерінен 25 жұмыс түсті.

Байқау жеңімпаздары номинация бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

Байқау және жобалау жұмыстары мен дизайнерлік макеттерінің презентациялары туралы толық ақпарат филиал сайтының веб-сөресінде орналастырылған.

WEB-сөре