Өрлеу сайты

ІЗГІЛІКТІ ПЕДАГОГИКА БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР

ІЗГІЛІКТІ ПЕДАГОГИКА БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР

ІЗГІЛІКТІ ПЕДАГОГИКА БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР

Егер саған баланы сеніп тапсырса, онда оны қанаттандырып қайтар.

Ш.Амонашвили

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ПОҚ және бөлім қызметкерлері 2017 жылдың 9-10 наурыз күндері Астаналық Оқушылар сарайында өткен «Бізге қанат бітірер болашақты сүйеміз!» ізгілікті педагогика бойынша Алғашқы Қазақстандық педагогикалық оқуға қатысты.
Педагогикалық оқуды Ізгілікті педагогиканың қазақстандық орталығы, «Авиценна» Кәсіптік Даму Орталығы, «Ізгілікті педагогика» білім беру орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: білім берудегі заманауи тәсілдерді талқылау, ізгілікті және рухани түсініктің негізін қалайтын классикалық педагогикалық құндылықтарды қабылдау және ынтымақтастық қағидатына негізделген Ізгілікті педагогиканың халықаралық орталығының педагогикалық қызмет тәжірибесін жинақтау.
Екі күндік педагогикалық оқулар қатысушыларына ізгілікті педагогиканың идеяларын терең түсінуге және меңгеруге мүмкіндік берген Мұғалімдермен пікір алмасу ұмытылмастай оқиға болды.
Баяндама тақырыптарында мәңгілік шындықты іздеу, мұғалім қызметі мен мектептерді жаңарту үшін ізгілікті-тұлғалық амалдарды іске асыру бойынша авторлардың шығармашылық табыстарын ұсыну қамтылған.
Педагогика аңызы, педагог-новатор, психология ғылымдарының докторы, Ресей білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили философиялық ой толғауында қазіргі заманғы қоғам үшін ізгілікті педагогиканың құндылықтарын ашты, ал шебер-сынып барысында оқушылармен сабақта қарым-қатынас тәсілдері мен сабақ-сыйлық құпияларымен бөлісті.
«Ізгілікті педагогика халықаралық орталығы» халықаралық қоғамдық ұйым қауымдастығының президенті, «Басти-Бубу» балалар көркемдік студиясының директоры Паата Шалвович Амонашвили өзінің шығармашылық лабораториясын ұсынды.
Ізгілікті педагогиканың қазақстандық орталығының президенті, психолог, Үшінші мыңжылдық психологиясы білім беру жобасының шебері Марина Замшарифовна Таргакова «Бала әлеміне терезе» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.
«Ізгілікті педагогиканың халықаралық орталығы» қоғамдық бірлестігі халықаралық қауымдастығының вице-президенті, Латвиядағы ізгілікті педагогика қауымдастығы басқармасының төрағасы, Рига қаласындағы (Латвия) «Анниньмуйжа» орта мектебіндегі ізгілікті педагогика орталығының жетекшісі Погребянка Ирмине «Біз рухани өмірімізді жақсарта отырып, болашақта адамдардың өмірін жақсартамыз» тақырыбында баяндама жасады.
«Болашақ» академиясы педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің жаңартылған бағдарламасы авторларының бірі Г.А.Омарова «Болашаққа ұмтылған білім берудің екі қанаты» тақырыбында баяндама жасады.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Ізгілікті педагогика» білім беру орталығы директорының орынбасары Н.Ж.Шаймерденова және филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институтының доценті Д.Б.Аманжолова «Ертегілер ізгілікті сабақтар: бірге оқимыз және армандаймыз» жобасы туралы айтты.
Бұл күндер педагогика аңызы және оның серіктестерімен сұқбат құрған ұмытылмас сәт болды. Қатысушылар Ш.А.Амонашвили, П.Ш.Амонашвили және М.З.Таргаковаларға сұрақтар қойып, әр баланы түсінудің бірегей миссиясы, ізгілікті педагогика, махаббат педагогикасы тұрғысында жауаптар алуға мүмкіндіктері болды.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының

Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ

Инновациялық дамуды әдістемелік

қамтамасыз ету бөлімі