Өрлеу сайты

Үйренеміз, қарым-қатынас жасаймыз, тәжірибемен алмасамыз!

Үйренеміз, қарым-қатынас жасаймыз, тәжірибемен алмасамыз!

Үйренеміз, қарым-қатынас жасаймыз, тәжірибемен алмасамыз!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2017 жылдың 23 ақпанында №7 «Аққу» балабақша базасында Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Типтік бағдарламасы талаптары аясында ұйымдастырылған оқу қызметін (әрі қарай ҰОҚ) құрастыру» тақырыбында педагогикалық шеберхана өткізді.

Педагогикалық шеберхананың мақсаты: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Типтік бағдарламасы талаптары аясында жас МДББҰ педагогтерінің өзара белсенді іс-әрекет процесін ұйымдастыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау.

Кіріспе сөз «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.И.Чокушеваға, №7 «Аққу» балабақшасының меңгерушісі А.Д.Джуматаеваға берілді. Іс-шараға Білім басқармасының әдіскері С.Н. Хожаметова қатысты.

Педагогикалық шеберхана жұмысы барысында 1-3 жылдық жұмыс тәжірибесін жинақтаған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері тек жаңа білім алып қана қойған жоқ, сонымен қатар мектепке дейінгі білім беруді сапалы жаңарту мәселелері бойынша жаңашыл тәжірибе, әр балаға жеке «кілт» таңдау, тәрбиеленушінің өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы үшін әртүрлі қызмет түрлеріне жағдай жасау бойынша жаңа тәжірибе алды. Педагогикалық шеберлік тренинг, тәжірибелік жұмыс, шебер- сыныптар, ҰОҚ ашық көрсету және т.б. белсенді оқыту формаларын қамтыды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ИТМЖПОӘ кафедрасының оқытушысы Г.У.Тусупова «Түрлі іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы кіріктіру ұстанымдары негізінде білім беру үдерісін жобалау» тақырыбында баяндады.

№7 «Аққу» балабақшасының әдіскері А.Г.Тұрсынбекова педагогикалық шеберхана қатысушыларына тренинг өткізіп, аталған балабақша тәрбиешілері У.С.Рыспаева мен Г.К.Мукажанова «Ертегілер еліне саяхат» және «Қыс қызығы» қызықты сабақтарын көрсетті.

№7 «Аққу» балабақшасының әдіскері М.Т.Смагулова мен №33 «Алтын дән» балабақшасының әдіскері Ж.А.Мухиденова жас әріптестеріне ҰОҚ технологиялық картасын дұрыс құрастыруды көрсетті.

№32 «Балдәурен» тәрбиешісі Г.С.Тилегенова мен №73 «Аяулым» балабақшасының әдіскері А.Ш.Омарова «Рефлексия ұйымдастырылған оқу қызметі кезеңі ретінде», «Инновациялық технологиялар арқылы сауат ашу ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу» тақырыптарында шебер-сынып өткізді.

Іс-шараның соңында рефлексия ұйымдастырылып, тиісті ұсыныстар қабылданды және қорытынды шығарылды.

Қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.

Педагогикалық шеберхана қорытындысы бойынша Астана қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің үздік ҰОҚ электронды жинағын шығару жоспарлануда.