Өрлеу сайты

ПРЕЗИДЕНТ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ

ПРЕЗИДЕНТ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ  ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ

ПРЕЗИДЕНТ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ

2017 жылы 16 ақпанда «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ кітапханасында ұстаздар мен курс тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан  халқына  жарияланған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бойынша кітап қөрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге мемлекеттік және орыс тілінде мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалар және кітаптар қойылды: Жолдау — 2017, «Қазақстан — 2050 Стратегиясы», «Нұрлы жол» т.б.

Жолдауда бүкіл қоғамның және  еліміздің әр азаматының алдында тұрған мақсаттар туралы түсінікті түрде айтылған. Үшінші модернизация – жарқын болашаққа апарар жол, 2050 — Стратегияның іске асыру бағыты және ол Ұлт жоспары «100 нақты қадам» негізінде өтеді.

Жолдаудағы басымдықтар: 1) экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту мәселесі 2) бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту  3) макроэкономикалық тұрақтылық 4) адами капитал сапасын жақсарту 5) институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Көрмеге шолу жасау барысында кітапханашы А.С. Искакова «Төртінші басымдықтың» адами капитал сапасын жақсарту мәселесіне  ерекше көңіл бөлді. Президенттің тапсырмасы «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.»

Жолдау аясында іске асырылатын   «тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы үлкен жетістік. Бұл жоба ең алдымен жастарға арналған. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына еніп, халықтың жағдайын жақсарту, экономикасын көтеру – бүгіннің  басты бағыты. Білімді, техниканы  жақсы меңгерген ұрпақ елдің болашағы, оның экономикалық даму күші.

Көрмеге қатысушылар кітапханашыға сұрақтар қойып, білім беру саласындағы өзекті мәселелердің Жолдаумен ұштасатынын және оның сәтті жүзеге асырылатынына сенімді екендерін айтты.