Өрлеу сайты

ЖҮРЕКТЕР ҮНДЕСТІГІ

ЖҮРЕКТЕР ҮНДЕСТІГІ

ЖҮРЕКТЕР ҮНДЕСТІГІ

25 қарашада Астана қаласының №59 мектеп-лицейінде Астана қаласы Білім басқармасы және пилоттық ұйымдарының қолдауымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру — «Жүректер үндестігі» клубының отырысы өтті. Отырысқа «Өрлеу» БАҰО Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ АРББ «Өзін-өзі тану» тренерлері Даулетбаева Г.К., Клименко Н.А., педагогтер, оқушылар және ата-аналар қатысты. Іс-шара №59 мектеп-лицейдің оқушыларымен ұйымдастырылған флешмобтан басталды. Клуб отырысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылар арасында өткен қалалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Отырыс соңында №9 «Нұршашу», №29 «Ақ қайың» балабақшаларының жас дарындары концерттік бағдарламаларымен келген қонақтарға қуаныш сыйлады.