Өрлеу сайты

«Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде Өзін-өзі тану тұжырымдамасы» атты халықаралық семинар

«Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде Өзін-өзі тану тұжырымдамасы» атты халықаралық семинар

«Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде Өзін-өзі тану тұжырымдамасы» атты халықаралық семинар

2016 жылдың 1-4 қараша аралығында Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББС орталығында «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде Өзін-өзі тану тұжырымдамасы» халықаралық семинарына «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ тренерлері Н.А.Клименко, Г.К.Даулетбаева, Д.Ж.Нургалиева және Астана қаласында АРББ бағдарламасын енгізу бойынша білім беру пилоттық мекемелерінің педагогтары, сонымен қатар Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан, Ресей және Әзірбайжаннан үш жүзден астам педагог қатысты.

Жалпыадамзаттық құндылықтар институтының директоры Марианна Мейер (Дания), «Интегралдық білім ретінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім беру» тақырыбында дәріс оқыды. Петра фон Калиновски (Германия) жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша шығармашылық шеберханасын өткізіп, білім әдістеріне шолу жасаса, Анита Фридрих (Австрия) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім беру философиясымен таныстырды.

2016 жылдың 2 қарашасында «Бөбек» орталығының адамның үйлесімді даму институтында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызымен кездесу «Бөбек» орталығының қызметкерлері, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары және «Өзін-өзі тану» АРББ бағдарламасының тренерлері үшін жарқын да есте қаларлық сәт болды. Сүйіспеншілік — шексіз, жарқын әрі ғажап өмір энергиясы туралы ойлар кездесудің басты тақырыбы болды.

Сара Алпысқызы жылы жүздесуде қоғамда адамгершілікті және руханилықты жаңғырту бойынша өз ойларымен бөлісті, баланы тұлға ретінде тәрбиелеуде өзінің және елдің болашағына сенімділік сезімін ояту мен жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған тәрбиенің маңызына тоқталды.

Сара Алпысқызының айтуынша оқыту мен тәрбиенің күрделі процесінде отбасы, білім беру және әлеуметтік ұйымдардың күшін біріктіру қажет. Әсіресе, мұғалімге, оның кәсіби және моралдық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылу керек.

Сара Алпысқызына педагогтер халықаралық семинар аясында өткен кездесу үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Пікір қосу