Өрлеу сайты

Ынтымақтастық аясындағы кездесу

Ынтымақтастық аясындағы кездесу

Ынтымақтастық аясындағы кездесу

2016 жылы 21 шілде күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Астана қаласы бойынша ПҚ БА институтына МАББҰ ҚББ «Новосібір  ПҚ БАИ «: Новосібір қ. білім беру тарихы мұражайының директоры Валентина Александровна Орлова мен Новосібір облысының МАББҰ ҚББ «Новосібір  ПҚ БАИ», Халық ағарту ісінің үздігі, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Александр Константинович Орлов серіктестеріміз достық сапармен келді. Кездесу аясында дөңгелек үстел өтті. Онда Қазақстан мен Ресейдің біліктілікті арттыру жүйесіндегі мәдени құндылықтар арқылы мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуы, кәсіби даму ерекшеліктері талқыланып, педагогтер мен оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуда мұражай педагогикасын қолдану бойынша тәжірибе алмасу ұйымдастырылды және балалардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы ерте музыкалық дамытудың рөлі сипатталды.

Валентина Александровна Орлова мектеп мұражайларының басшылары мен барлық білім беру ұйымдары педагогтерінің  біліктіліктілігін арттырудағы мұражай саласындағы мұражайлық мол тәжірибесімен бөлісіп, сондай-ақ Астана қ. білім беру тарихи мұражайын жасауға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуге ықылас білдірді.

Ал Александр Константинович Орлов шығармашылық тәжірибесі мен музыкалық мамандықтар бойынша педагогтерге арналған әдістемелік құралының презентациясы «Гитара» сыныбы бойынша өзі шығарған шығармаларын орындаумен аяқталды.

Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Келген қонақтарымыз және Астаналық педагогтер мен филиал қызметкерлері одан әрі тығыз ынтымақтастық аясында қарым-қатынасты жалғастыруға бір-біріне сенім білдірді.

Пікір қосу