Өрлеу сайты

II Республикалық педагогикалық оқуларының аяқталуы

II Республикалық педагогикалық оқуларының аяқталуы

II Республикалық педагогикалық оқуларының аяқталуы

2016 жылдың 19 сәуірінде Қазақ гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық-заң колледжінде білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңінің аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру» мен «Жоғары білім беру» басым бағыттары бойынша ұсынылған жұмыстардың тұсаукесері және сараптамасы өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша баяндамалар мен жобалар тұсаукесерлері «Экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбында болды. Бұл бағыт бойынша Астана қаласының 7 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан 17 педагог қатысып өз шеберліктерін көрсетті.

Жоғары білім беру бойынша сараптамалық жұмыс «Білім мен ғылымның интеграциясы арқылы жоғары педагогикалық білім беру үдерісін жүйелі жаңғырту» тақырыбын қамтыды. Аталған бағыттағы тақырып бойынша жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылық құрамы 8 баяндама тұсаукесерін ұсынды.
Сараптау кеңесінің мүшелері үздік жұмыстарды бағалап, білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңіне қатысушыларды сертификаттармен марапаттады.