Өрлеу сайты

Курс тыңдаушылары үшін тәжірибе жинақтау жолдары

Курс тыңдаушылары үшін тәжірибе жинақтау жолдары

Курс тыңдаушылары үшін тәжірибе жинақтау жолдары

2016 жылдың 6 — сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Балалардың сауықтыру лагері басшысының қызметіндегі инновациялық амалдар» тақырыбындағы курстық дайындықтан өтіп жатқан тыңдаушылар «Жас саяхатшылар» станциясында жазғы сауықтыру лагерінде туристік өлкетанушылық қызметін ұйымдастырудың тиімді жолдарымен танысты. Мекеме басшысы М.К.Әбенов балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Қосымша білім беру педагогі Жакупов Кабанбай Бекетович жазғы мезгілде туристік өлкетануды ұйымдастыру бағытында өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. Директордың әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Шаяхметова Г.М. «Батыр» жазғы шатырлы лагерь жұмысын қызықты ұйымдастырудың жолдарын атап өтті. Тыңдаушылар өздеріне қажетті мәліметтерді алды.