Өрлеу сайты

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты әріптестік келісімдер негізінде Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина Республикасы, Болгария Республикасы, Қырғызстан Республикасы біліктілік арттыру институттарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларының қатысуымен «Педагогтың біліктілікті арттыру жүйесі жағдайындағы кәсіби дамуы» тақырыбында 2016 жылдың 31 наурыз күні Халықаралық on-line семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты:  педагогтардың кәсіби дамуы және біліктілік арттыру жүйесінде  педагог қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша зерттеушілер мен тәжірибелі мамандардың халықаралық пікір алмасуына жағдай жасау.

Семинар жұмысының бағыттары:

  1. ҚР педагогтары біліктілігін арттыру жүйесінің даму келешегі мен үрдістері.
  2. Педагогтың кәсіби құзіреттілігін біліктілікті арттыру жүйесінде дамыту жолдары.
  3. Педагогтың білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы.
  4. Педагогтардың біліктілігін арттырудағы инновациялық технологиялар мен әдістер.
  5. Біліктілікті арттыру жүйесінде педагог қызметкерлердің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.
  6. Педагогтардың кәсіби өсуін біліктілік арттыру жүйесінде мониторингілік зерттеу.
  7. Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың кәсіби дамуын ақпараттық қолдау.
  8. Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың жеке кәсіби даму траекториясын құрудың инновациялық тәжірибесі.
  9. Біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында педагогтардың кәсіби дамуының халықаралық тәжірибесі.
  10. Педагогтардың кәсіби дамуын бағалаудағы заманауи амалдар.

Ақпараттық хатта толық ақпарат беілген

Пікір қосу