Өрлеу сайты

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАҒА МАМАН ДАЙЫНДАУ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАҒА МАМАН ДАЙЫНДАУ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАҒА МАМАН ДАЙЫНДАУ

2016 жылдың 5-ші ақпанында Қазақстан Республикасы оқу жабдықтарын өндіруші Қауымдастық пен жеткізушілерге арналған кездесу барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері дөңгелек үстел отырысына қатысты. «Балалар мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда жаңа технологиялар мен жабдықтарды қалай қамтамасыз ету керек?» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында педагогтар осы сұрақтарға өз көзқарастарын ұсынды.

017

Өндіруші қауымдастық өкілдері мен жеткізушілер сұрақтар қойып, ойлануға көптеген ақпараттар алды. Қауымдастық оқытушылар мен оқушылардың оқу қызметін алып жүру процесіне белсенді түрде қатысуға, сонымен қатар басшылар мен жауапты қызметкерлерге ұсыныстар жасап, кеңес беруге дайын екендіктерін білдірді.

Астана қаласы колледж директорлары «Инновациялық экономикаға маман дайындау» тақырыбындағы кездесуде студенттердің кәсіби дайындығына қажетті оқу-зертханалық жабдықтарды іздеу мен таңдау мәселелерін айқындады. Қауымдастық мүшелері, Тапсырыс беруші – колледж бен жеткізуші – компанияға қатысты, жалпы ұйымдастыру сұрақтарына тоқталды. Кездесу қатысушылары жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту, ТжКББ мамандары және колледж директорларымен ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін атап өтті.

Пікірталасқа қатысушылар бір жолғы акциялармен ғана емес, тұрақты бірге жұмыс жасауды қолдады.

One thought on “ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАҒА МАМАН ДАЙЫНДАУ

Пікір қосу