Өрлеу сайты

АВСТРИЯНЫҢ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

АВСТРИЯНЫҢ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының қызметкерлері тобының құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ атынан «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау»  кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Клименко 2016 жылдың 14-18 желтоқсанында Вена қаласында «Австрияның кәсіби білім беру жүйесі» тақырыбында тағылымдамадан өтті.

Өтілген орны: WIFI International (Австрия экономикасының федеральдық палатасы) WIFI ересектерді оқыту және дайындаумен айналысады.

Курстарда: «Кәсіби білім берудегі трендтер», «Нарықтық қарымқатынас және байланыс», «Білім берудің дуальдық жүйесі», «Білім беру саласында кеңес беру», «MOODLE интернет базасындағы оқыту платформалары», «WIFI оқыту платформасы», «Кәсіпкерліктік маңызы мен бизнес формалары» тақырыптары бойынша дәріс оқылды және тренингтер өткізілді.

Зигфрид Маркус атындағы қолөнер мектебін және «Opel Wien GmbH» кәсіпорнын таныстыру мақсатында экскурсия болды.

«Opel Wien GmbH» Оқу орталығында оқытылатын пәндер қатарында құрамына «Қоршаған ортаны қорғау», «Топта жұмыс істеу қабілеттілігі», «Еңбек қауіпсіздігі» кіретін «Кәсіпорын философиясы» пәні бар.

Австрияның дуальдық оқыту жүйесі туралы толық ақпарат «Білімдегі Жаңалықтар»журналына жарияланады.

b

c

Пікір қосу