Өрлеу сайты

Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар

Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар

2015 жылдың 18 шілдесінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚ БАИ-да ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Assessment in the language classroom. Introduction to teaching IELTS (ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білімін бағалау. IELTS кіріспе курс)» тақырыбы бойынша бір күндік семинар өткізілді.

ТОО «ЕDU Stream» атты халықаралық Express Publishing баспаның ресми өкілдері бас директор Н.В.Мухамеджанова және орындаушы директор  И. Филимонованың қатысуымен Дәріскер – Bob Obee, ағылшын тілі кітаптарының авторы, ағылшын тілі мұғалімдерінің тренері, «НЗМ» ДББҰ мен Қазақстан Республикасының пилоттық мектептері үшін ағылшын тілі бойынша жаңа білім беру бағдарламаларының авторы семинар қатысушыларына  ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білімін бағалау тәсілдері туралы айтып, мұғалімдермен тренинг және викторина өткізді. Семинар барысында қатысушыларға үлестірмелі материалдар (оқулықтар, оқу құралдары ) таратылды.

Семинарға Астана қаласының білім беру ұйымдарының 60-тан аса мұғалімдері қатысты және оларға халықаралық деңгейдегі сертификаттар берілді.

Пікір қосу