Өрлеу сайты

СОҒЫС БАТЫРЛАРЫ, МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ

СОҒЫС БАТЫРЛАРЫ, МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ

СОҒЫС БАТЫРЛАРЫ, МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ

2015 жылдың 24 маусымында «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық – педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Қ.Қ. Ахметова МББМ Новосибирск облысының Карасук ауданының Нижнебаяновск ЖБМ ұйымдастырылған «Учителя в годы Великой Отечественной войны» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты.

Мектеп директоры А.К.Хаирова конференция қатысушыларына алғы сөзбен қарсы алды.  «Наше село в годы Великой Отечественной войны» баяндамасымен мектеп тарихының мұғалімі Ф.С. Досжанова сөз сөйледі. «Роль православной церкви в годы Великой Отечественной войны» атты қызықты тақырыппен өлкетану мұражайының қызметкері А.В. Исаченко сөз сөйледі. Конференцияға мектеп оқушылары да қатысқанын, олар мұғалімдердің жетекшілігімен Ұлы Отан Соғысына арналған аймақтардың тарихи атауларына жобалар әзірлегенін айрықша айту керек.

Екі есе қуантатыны, мектеп шағын жиынтықты болса да, басқа жалпы білім беретін мектептер сияқты жұмыс істеп тұр.  Шағын мектепті, білім беру ұйымдарының қызметкерлері табысты көрсеткіштермен біліп жүр. Мұғалімдер мен оқушылар мектептің, ауылдың 80 жылдық тарихын қастерлеп жүр. Қ.Қ. Ахметова «Жизнь посвятил потомкам» баяндамасында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, жарақат алғаннан соң аталған мектептің директоры болып жұмыс істеген әкесі туралы сөз сөйледі.