Өрлеу сайты

Астана: Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері

Астана: Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері

Астана: Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері

2017 жылғы 21 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., А.А. Байтұрсынова «Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Аталмыш іс-шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп өткізді.

Инклюзивті білім беру саласындағы Отандық және шетелдік ғалымдар, халықаралық сарапшылар, білім беру ұйымдарының педагогтері, ЖОО мен колледждердің оқытушылары, ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты ұйымдардың өкілдері және басқа да мамандар Қазақстанда инклюзивті білім берудің дамуына байланысты теориялық және практикалық өзекті мәселелерді қарастырды.