Өрлеу сайты

«WORLDDIDAC ASTANA — 2017» КӨРМЕСІНІҢ ЖАБЫЛУЫ

«WORLDDIDAC ASTANA — 2017» КӨРМЕСІНІҢ ЖАБЫЛУЫ

«WORLDDIDAC ASTANA — 2017» КӨРМЕСІНІҢ ЖАБЫЛУЫ

2017 жылдың 6 сәуірінде елордада үш күн бойы өткізілген «WORLDDIDAC ASTANA — 2017» білім және кәсіби даярлауға арналған технологиялардың V халықаралық көрмесі аяқталды.

Көрме мақсатына сай білім беру саласының педагогтері мен мамандарын оқу жабдықтары және білім беру технологияларымен таныстыру, еліміздің білім беру ұйымдарында аталған жабдықтарды қолдану мүмкіндіктерін әзірлеушілермен талқылау жоғары нәтиже берді. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдарын материалды-техникалық жағынан жетілдіруге, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдану оқу процесінде балалардың танымдық қызығушылығын жоғарылатуды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

«WORLDDIDAC ASTANA — 2017» көрмесінің ұйымдастыру комитеті «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л.А. Саинова мен институт қызметкерлеріне көрмені ұйымдастыру мен өткізуге атсалысқандары үшін Алғыс хат табыс етті. Аталған көрменің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.