Өрлеу сайты

Бұлт технологиялары және blended learning

Бұлт технологиялары және blended learning

Бұлт технологиялары және blended learning

2017 жылдың 2 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ Инновациялық дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі профессорлы-оқытушылық құрамға арналған «Білім берудегі бұлт технологиялары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар мақсаты: оқу жүйесінде бұлт технологияларын пайдалану бойынша профессорлы-оқытушылық құрамның АКТ құзыреттілігін дамыту.

Семинардың өзектілігі ағымдағы жылда филиалдың қысқа мерзімді курстары аудиториялық жұмыста онлайн-оқыту және ұялы технологияларды пайдалануды көздейтін blended learning (аралас оқыту) тәртібінде өткізуге бағытталған.

Семинар барысында қатысушылар оқу жүйесінде бұлт технологиясын пайдалану жетістіктерімен және артықшылықтарымен танысты, mail.ru, Google, Microsoft (Sway презентациясы) бұлт сервистерінде пайдаланушыларға кең қолжетімді білім ресурстарын құру бойынша тәжірибелік жұмыстарын орындады.

Бұлт технологиялары онлайн білім алушыларды оқу контентін жеткізу жүйесін жеңілдететіні және білім ресурстарының сандық жүйесін тиімді етуі қызықтырды.

 

Sway презентациясы https://sway.com/BUG8HeTwFEVkPnHj