Өрлеу сайты

Үштілді білім берудің Жол картасын жүзеге асыру

Үштілді білім берудің Жол картасын жүзеге асыру

2016 жылы 01 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері Бектурова З.Қ., Нурмагамбетова Ж.С. «Нұр орда» Халықаралық мектебінде Cambridge University Press (CUP)  баспасының  «Study Inn» білім беру компаниясы  мен ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпараттық технологиялар Департаменті ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңызды шарты ретінде үштілді білім берудің Жол картасын жүзеге асыру» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Сырымбетова Л.С, Ы.Алтынсарин атындағы БҰА үштілдікке оқыту орталығынығының директоры; Пол Збихли Cambridge University Press аймақтық директоры; Джейн Манн Cambridge University Press  білім беру реформалар департаментінің директоры; Оразбаева Ф.Ш, п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі; Хамраева Е.А., ММПУ профессоры, ф.ғ.д.; Горизонтова А., Cambridge English Language емтихандар  департаментінің аймақтық директоры т.б. баяндамаларда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін деңгейлік оқытудың өзекті аспектілері қарастырылды, сонымен қатар республика мектептерінде үштілді білім беруді жүзеге асыру аясында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерін ағылшын тілінде оқыту жөнінде сұрақтар қарастырылды.  Қазақстан мектептерінде ағылшын  тілінде оқытуға көшуде тілді ғана меңгермей, сонымен қатар өз пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдісін қолданатын мұғалімдерді дайындау ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды, қатысушыларға сертификаттар берілді.

Пікір қосу