2016 жылы 25-26 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ мен Новосибирск облысы МАББҰ ҚББ «Новосибирск педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» халықаралық ынтымақтастық келісім шарт аясында өткен мұражай педагогикасы және мұражайтану бойынша институт жанындағы Новосибирск қаласы мен Новосибирск облысының Білім беруді дамытудың тарихы мұражайында «Новосибирск облысы аймағындағы білім беруде мұражай педагогикасының дамуы» тақырыбында өткен XII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Қ.Қ. Ахметова, мұғалімнің кәсіби дамуын психология-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.к. қатысты.
Конференция жұмысында ғалымдар, мұражай қызметкерлері, жалпы, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері тұлғаның азаматтық қалыптасуына мұражай педагогикасын қолдану; оқушылардың зерттеу жұмысында мұражай педагогикасының мүмкіншіліктері; мектепке дейінгі кезеңде мұражай мәдениетін қалыптастыру; мектептер мен мұражайдың бірлескен қызметінің тиімділігі және басқа да мәселелер талқылады. Конференцияға қатысушылар мұражай практикасының тәрбие беруде тиімді құрал ретінде өзектілігіне; азаматтың патриоттық сана-сезімі мемлекеттің бейбітшілік саясатын түсінуін, тарихтың құндылықтарын, халықтың салт-дәстүрін болжап, сонымен қатар мектептің мұражай жетекшісінің мәртебесін көтеру үшін нұсқау берілді.
Қ.Қ. Ахметова «Өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие беруде мұражай педагогикасының рөлі» баяндамасында Астана қаласы мұражайлары үлгісінде мұражай педагогикасының және мамандарының міндеттерін атап көрсетті. Конференцияда мұражай жетекшілері оқушылармен, ата-аналармен, халықпен жасалған жобалары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.