«Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ 2016 жылдың 02 ақпаны күні НЗМ ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы мен Педагогикалық өлшеулер орталығы, НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысушылармен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді.
Қазіргі күні Филиал оқытушылары білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курс өткізуге дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Дөңгелек үстел барысында бастауыш мектептің пәндері бойынша оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер, білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды енгізу, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жиынтық бағалаудың нәтижелерін модерациялау және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу бойынша талқылаулар болды. Семинар қатысушыларына қалыптастырушы және жиынтық бағалау, бағалау критерийлері, тапсырмаларға дескрипторлар жасау бойынша тапсырма түрлері ұсынылды.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдерге тиімді әдістемелік көмек көрсету бойынша ұжымдық пікірталас жүргізді.