Өрлеу сайты

«PISA-2018: 500 мектеп» жобасын іске асыру

«PISA-2018: 500 мектеп» жобасын іске асыру

«PISA-2018: 500 мектеп» жобасын іске асыру

2016 жылы 25-29 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ пән мұғалімдеріне арналған «PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерін өткізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында қысқа мерзімді курс өтті.

Курсты Ж.С.Нурмагамбетова, Н.А.Клименко, В.И. Нурмаганбетова  және З.К.Баяндина сияқты тәжірибелі оқытушылар өткізді. Оқытушылар педагогтермен практикалық сабақтарды функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретіндегі «Кейс-стади» әдісін пайдалана отырып, сондай-ақ көптілде білім беруді іске асыруда заманауи тәсілдерді қолданып өткізді.

Тренер Ж.С.Нурмагамбетова тыңдаушылырды PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерінің мақсаты мен міндеттерін, зерттеу рейтингінде Қазақстанның алатын орнын таныстырып, оқу сауаттылығын дамытудағы белсенді стратегиялары бойынша тренингтер өткізді.

Курс соңында тыңдаушылар курстың мазмұнына жоғары баға берді және оқытушыларға курсты креативті тәсіл негізінде өткізгендері үшін алғыс білдірді.

Пікір қосу