«Өрлеу» БАҰО АҚ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ филиалы Астана қаласының Білім Басқармасымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің қатысуымен«Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау оқу үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және 12-жылдық оқытуға көшу жағдайында педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуын ғылыми-әдістемелік қолдауға бағытталған. Байқау мақсаттары:
- мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерінің инновациялық кәсіби-мәнді тәжірибесін айқындау, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әдіскерлердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетінқалыптастыру мен мәртебесін көтеру.
Байқауға Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының келесі әдіскерлері қатысты:
- Муханова Алия Тургуновна, №30 «Қайнар» балабақшасының әдіскері.
- Есмаганбетова Баян Сайрановна, №37 «Арман» балабақшасының әдіскері.
- Калдыбаева Шынар Сыздыковна, №38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері.
- Сагимбекова Ментай Бахытовна, № 49 «Алтынай» балабақшасының әдіскері.
- Ахметова Зауре Жайлаубайқызы, № 65 «Бал бала» балабақшасының әдіскері.
Байқаудың талаптарына сәйкес қатысу үшін әдіскерлер төмендегі материалдарды ұсынды:
- электронды портфолио гиперсілтемесімен;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық технологияларды қолданушығармашылық шеберхана материалдары;
- өзін-өзі таныстыру (қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнебаян).
Байқаудың қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалау критерийлері бойынша сараптама жасады. Байқаудың женімпазы Есмаганбетова Баян Сайрановна №37 «Арман» балабақшасының әдіскері. Женімпаздың документтері Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауына жіберілді.