Өрлеу сайты

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мұраты – тәуелсіздік» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мұраты – тәуелсіздік» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мұраты – тәуелсіздік» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2016 жылдың 21 қазанында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен №10 мектеп-гимназияда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мұраты – тәуелсіздік» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты: Астана қаласы білім беру ұйымдарындағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жүзеге асырылуының тиімді жолдарын талқылау.
Конференцияға мектептер мен колледждердің пән мұғалімдері, музей басшылары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім беру ұйымдарының басшылары, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері, сонымен қатар практик-ғалымдар қатысты.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының м.а Людмила Александровна Саинова конференцияның пленарлық отырысын ашық деп жариялап, патриоттық тәрбие мен ұлтаралық келісім туралы өз ойын ортаға салды.
Конференция қонақтары Габдулина Бағыш Ахметқызы, т.ғ.к., Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің доценті, Қазбекова Рауза Ұланқызы, ҚР Тұңғыш Президенті музейінің Музей педагогикасы орталығының басшысы, Меңдібаева Айман Таубайқызы, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері, Адинаева Қания Құралқызы, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері, Іргебай Ербол Ісләмұлы, Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектептің директоры, Ахметова Қымбат Қасымқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ МКД ППҚК кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., ҚР ҒА корр-мүшесі конференция қатысушыларына «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан ауқымды істерді өз баяндамаларында атап өтті.

Конференция аясында «Астана қаласы білім беру кеңістігіндегі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарының ғылыми-әдістемелік мәнін ұғындыру» және «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарын енгізу және іске асыру» тақырыптарында 2 сессия өткізілді.
Жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді, сонымен қатар «Мәңгілік елдің мұраты – тәуелсіздік» тақырыбымен электрондық жинақ шығару ұйғарылды.

Пікір қосу