Сайт Өрлеу

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша 2-апталық біліктілікті арттыру курсы өтті (тренер – Даулетбаева Г.К.). Педагогтер үш негізгі модул бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері
  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі

Курс барысында тыңдаушылар «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша пилоттық білім беру ұйымы №59 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі тану» сабақтарына қатысты. Бастауыш сыныпта – А.У.Мамбетова, орта буында – С.К.Кабажаева, жоғары сыныптарда – Ж.Мармалад  «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу тәжірибелерімен бөлісті.

Сабақтарда тыңдаушылардың айтуынша, қазіргі уақытта барлық әдістемелер мен бағдарламаларға қарағанда мұғалімнің жеке тұлғасын өзгерту маңызды екені даусыз факті. Берген оқу – білімнен басқа, жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке дамыту бойынша педагог өзінің жауапты екенін ұмытпағыны абзал.

Мұғалімдердің басты миссиясы —  қоғамда адамның өмір сүру қағидалары мен моральдық нормаларын анықтауда, өскелең ұрпақты рухани әлемде тәрбиелеу болып табылады.