Сабақ жоспарлауда дұрыс сұрақ қоя білудің тиімділігі

Сабақ жоспарлауда дұрыс сұрақ қоя білудің тиімділігі

Өту мерзімі: 29қыркүйек 2017ж.
Өту орны: Оқушылар сарайы.
Қатысушылар:конференция қонақтары.
Тренер: Дюсембинова Б.С.

Тақырыбы: «Сабақ жоспарлауда дұрыс сұрақ қоя білудің  тиімділігі»
Мақсаты:Сабақтың әр кезеңінде сыни ойлауға бағытталған сұрақтар қоя білу және маңызын түсіну.
Міндеттері:
1.Сұрақтың түрлерін ажырыту;

  1. Жабық сұрақтарды ашық сұраққа айналдыру;
  2. Мәтін бойынша сұрақты болжау.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер  пәндер бойынша сабақ жоспарлау барысында  сабақтың әр кезеңінде сұрақтарды дұрыс қоя біледі.
Ресурстар: интербелсенді тақта, таратылым парақтары, түрлі түсті маркерлер, стикер.
Сабақ барысы
    Кіріспе  
Білім мазмұнын жаңғырту – сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынып отыр. Бүкіл əлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мəселе қайта қаралуда. Яғни, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға екенін көрсетуіміз керек. Ал оған жеткізетін жүйелі құрылған дамыту бағдарламасы – біліктілікті арттыру курстары. Олай болса сапалы білім арқасында жарқын болашаққа қол созуда ұлттық білім берудің барлық бағыттары бойынша сапаны жақсарту үшін Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру мен дамытуды басты міндет ретінде қойып отыр.

Уақыты Сабақ кезеңдері Тренердің  іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
2 мин Ұйымдастыру Жаңартылған білім беру бағдарлама жайлы түсінік беру Зейіндерін жинақтау
3 мин  Жағымды психологиялық ахуал орнату  «Гүлдер» бейнефильмін көрсету Өз көңіл –күйлерін қадағалау
5мин Слайд   «Сұраққа жауап іздейік» Болжай білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында 10 сұрақ  көрсету  Сұрақтарды  топпен талдай отырып, жауап беру
5 мин Тапсырма: «Мен ойлаған сұрақ?» Сабақта сұрақтың қай түрін көп пайдаланатынын білу мақсатында қатысушыларға  парақтар үлестіріліп беріледі, шетіне өз есімдерін жазып, параққа    бір сөйлем жазып, басқа топ мүшелеріне жылжыту. Қалған топ мүшелері осы сөйлемге сұрақ жазады. 1.Парақтармен алмасады, сөйлемге  сұрақтар қояды. Әр қатысушының өз парағы өзіне келгенше бірнеше рет қайталануға болады.
2.Қойылған сұрақтардың түрлерін ажырату және қай сұрақтың түрі көп қойылғанын атап өту. (Ашық және жабық сұрақтарды анықтау)
5мин Слайд «Сұрақтың түрлері» Ашық және жабық сұрақтарды айыра білу мақсатында сұрақтың түрлері жайлы түсінік беру Жабық сұрақтарды ашық сұраққа айналдыру
10 мин Ой жинақтау Рефлексия.  Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрақты қоюға  қатысты   пікірін айту Тренингтен алған әсерлерін және ұсыныстарын жазу