Педагогтерге PREZI ВЕБ-сервисінің мүмкіндіктерін меңгеруде дуалды оқытудың механизмін қолдану

Педагогтерге PREZI ВЕБ-сервисінің мүмкіндіктерін меңгеруде дуалды оқытудың механизмін қолдану

Дандибаев А. Т.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ
 

Сабақтың мақсаты – іскерлік ойын барысында орындалатын практикалық жұмыстар арқылы Prezi веб-сервисінің толық мүмкіндіктерін түсіндіру және бекіту.
Міндеттері:

  • тыңдаушыларға Prezi веб-сервисінде презентация құруды үйрету;
  • белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту;
  • колледж оқытушыларына дуалды оқыту жүйесінің механизмін түсіндіру.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын.
Кіріспе. Дуалды оқыту жүйесі туралы түсінік.
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі әлем бойынша өндіріс кадрларын даярлауда алуан түрлі әдістермен сипатталады.
Cоңғы жылдары Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім берудің білікті мамандар даярлаудың сапасы өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі уақытта колледж түлегі өндірістік құзыреттілікті игерген, техникалық және шығармашылық ой қабілеті бар, сонымен қоса, алдын ала ескерілмеген өндірістік жағдайларды еркін шеше білетін, жаңашылдыққа дайындығын көрсететін, заманауи өндірісте жұмысты сапалы түрде орындайтын, өндірістің теориясы мен тәжірибесін жеткілікті деңгейде меңгерген өндіріске бейімделген тұлға болуы керек.  Өкінішке орай, қазіргі колледж түлектері заманға сай өндіріс талаптарына бәрі бірдей дайын емес, яғни, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімделмеген. [1. с.7] Қазіргі уақытта, техникалық және кәсіптік білім беруде оқу ұйымдары мен бизнес саласы арасындағы жауапкершілікті таратуға бағытталған базалық кәсіпорындар арқылы дуалды оқытуды енгізу мәселесі қаралуда. Неге дуалды екенін сіздерге нақтырақ түсінік берейін:
Дуалды  оқыту жүйесі  –  бұл оқу ұйымында өндірістік қызмет мерзімімен оқытудың үйлесімін көрсететін білім беру жүйесі. Дуалды білім беру жүйесі тиімді болып табылады, өйткені оқушы теориялық және тәжірибелік даярлықтың қолайлы үйлесімімен кәсіптік білім алуға мүмкіндік береді. Оқытудың дуалды нысаны оқушының 70 – 80% уақытын өндірісте, ал 20- 30% ғана колледжде оқытуды болжайды.
Мұның артықшылықтары: біріншіден, өндіріс нақты сұраныстарға сай оқытуға жақын болады және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды жұмысқа алатын болады. Екіншіден, болашақ мамандар оқуға аса қызығушылықпен қарап, жете түсініп оқитын болады және оқудан кейін осы кәсіпорында жұмысқа орналасуға ұмтылады. Ал бұның өзі жоғары деңгейдегі себеп. Үшіншіден, түлектердің сұраныс деңгейі мен олардың жұмысқа орналасуын бұрынғыдан гөрі қамтамасыз етеді. Бұл барлық ел көлемінде әлеуметтік- экономикалық маңызы бар  нәтижені береді. Осылайша, біз бизнес, жас тұлға және мемлекет мүддесіне біріккен үшжақты серіктестіктің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндігіміз болады.  [2]  
Іскерлік ойынды өткізу.
Тренинг. Топқа бөлу. Колледж оқытушылары рөлдер бойынша 4 шағын топтарға бөлінеді. Джигсо әдісі бойынша әр топтан көшбасшы шығып, келесі топқа (сағат тілімен айналу) Prezi бағдарламасы туралы алғашқы білімдерімен бөліседі. Олар: оқытушылар, студенттер, педагог-жетекшілер және жұмыс берушілер. Әр тыңдаушы аталған топ атаулары жасырылған қағаздарды суырады. Сонан соң, сәйкес топ атаулары орналастырылған үстелдерге барып жайғасады.
Шағын топ мүшелері анықталып, әр топтың рөлдер бойынша функциялары хабарланады.
Басты рөлде ойнайтын «студенттер» болып табылады. Сондықтан, топ мүшелерінің саны басқа шағын топтардан көбірек болғаны дұрыс.
Колледж оқытушылары студенттерге Prezi веб-сервисі туралы толық теориясының шамамен 50%  (жартысын) бөлігін түсіндіреді.
Педагог-жетекшілер студенттерге теорияның қалған 50% -н түсіндіру керек. Түсіндіру барысында, веб-сервисті  практикалық бөлігін де қарастырып, студенттердің интернет бағдарламамен жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет. Студенттерді бағыттай отырып, керек болған жағдайда педагог-жетекшілер әдістемелік көмек көрсетеді.
Жұмыс берушілердің функциясы: бұл шағын топ өз талаптарына сай  келетін студентті анықтап, жұмысқа қабылдайды.
Ендеше, ойынды бастайық!
Барлық шағын топ мүшелеріне интеративті тақтадан Prezi веб-сервисі туралы институтымыздың http://zkoipk.kz/ru/videogallery.html сайтынан
20 минуттан тұратын видео ақпарат (реттік саны бойынша 5-ші видео) көрсетіледі. [3]

Видео бойынша барлық шағын топтар Prezi веб-сервисінің толық мүмкіндіктерін көреді. Әр топ ішінде 5 минут талқылау жүргізіледі. Ары қарай, оқытушылар студенттерге келесідей теориялық ақпарат береді:
Prezi — бұл тізбексіз құрылымда интерактивті мультимедиялық презентация құруға арналған веб-сервис. Prezi сервисінде масштабтау (обьектілерді үлкейту және кішірейту) технологиясының маңызы зор. Веб-сервистің интернет адресі www.prezi.com.  Бағдарламаның басты ерекшелігі – презентацияның барлық обьектілері бір бетте орналасады және жеке обьектілерге динамикалық масштаб арқылы қатынауға болады. Веб-сервистің бірнеше нұсқасы бар. Бұл нұсқалардың басты айырмашылықтарының бірі — серверге ақпарат жүктеу сыйымдылығына байланысты болып табылады. Қоғамдық нұсқасы толықтай тегін. Ал қалған нұсқалардың өз алдына бағалары бар.
Prezi интернет сервисімен жұмыс жасау үшін төмендегідей басты этаптарды есте ұстау қажет:

  • Сайтқа тіркелу;
  • Жеке кабинетке кіру;
  • Жаңа презентация құру;
  • Редактордың толық мүмкіндіктерін пайдалану;
  • Дайын презентацияны жүктеу;

Келесі іс-әрекетті педагог-жетекшілер орындайды. Педагог жетекшілер студенттерге интернет бағдарламаның практикалық бөлігін оқытуды ұйымдастырады. Студенттер педагог-жетекшілердің бағытымен (көмегімен) келесідей әрекеттерді жасайды:

  1. com сайтын ашу;
  2. Сайтқа тіркелу;
  3. Жеке кабинетіне кіру;
  4. Жаңа презентация құруды бастау;
  5. Презентацияға слайдтарды орналастыру және мәтін, сурет, видео қою;
  6. Жекелеген обьектілерді үлкейту;
  7. Басқа әріптестеріне дайын презентациямен бөлісу.[4]

Осы жұмысты толықтай дұрыс орындаған студент оқу орнынан Prezi веб-сервисінің курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификат алады.

Ойынның соңғы рөлін жұмыс берушілер орындайды. Енді, студент өзінің білімін жұмыс берушілердің алдында дәлелдейді. Яғни, студенттер жұмысқа орналасу рөлін ойнайды. «Жұмыс берушілер» тобы әр студентті жеке қабылдап, сұрақтар қояды.

  1. Prezi веб-сервисінің маңызы қандай?
  2. Бұл бағдарламамен болашақта тағы қандай қызықты жобалар құрар едің?

Нақты әрі ұтымды жауаптар алынса, студент жұмыс берушілерді Prezi веб-сервисінде құрылған алдын ала дайындалып әкелінге жобасымен таңқалдыру керек. Осы әрекет барысында, жұмыс берушілер әр студентке жалақы мөлшерін нақтылап, студентке хабарлайды. Жалақы мөлшері 100 000 – 200 000 теңге аралығында болады.
Ойын аяқталды!
Тағы бір айта кететін жағдай, оқытушылар өз әрекеттері аяқталғаннан кейін, «бақылаушы» рөлін атқарады және соңында ойынның өту барысы туралы пікірлерін білдіреді.
Қорыта келгенде, бұл тақырып бойынша аталған сценариймен колледж оқытушыларына 2017 жылдың 13.02-17.02 аралығында өткен ақылы курста сабақ өткізілді. Сабақ толықтай мақсатына жетті. http://zkoipk.kz/kz/akyly-kurs-2017.html (52-курс).

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Д.Ш.Жумагалиева, А.С.Махметова «Колледждердегі оқу-өндірістік сабақтарды ұйымдастырудың тиімді әдістемелері» // Орал. – 2014.
  2. Интернет ресурс http://bilimdiler.kz мақала «Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру»;
  3. Интернет ресурс kz;

Интернет ресурс www.prezi.com.

11 комментариве к “Педагогтерге PREZI ВЕБ-сервисінің мүмкіндіктерін меңгеруде дуалды оқытудың механизмін қолдану

  1. Шолпан

    Мақаланың идеясы ұнады. АКТ-ны тиімді меңгеру бойынша педагогтерге көмектеседі деген сенімдемін.

    1. Аскербек

      Рахмет. Әрине, компьютерлік технология кез келген педагогтің кәсіби жұмысын жеңілдетеді. Бұл сабақ prezi веб-сервисінің мүмкіндіктерін жаңартылған білім бағдарламасы элементі — белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып оқытуды жүзеге асырады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ТжКБ саласындағы өзекті мәселе дуалды оқыту жүйесінің механизмін де интерактивті тәсілдер арқылы түсіндіруге тырыстым.

  2. Гулдана

    Қайырлы күн! Әріптесіміз Аскербек Тұрланұлының педагогтерге PREZI ВЕБ-сервисінің мүмкіндіктерін меңгертуге бағытталған практикалық сабақтары үнемі сәтті өтеді. Облыс педагогтері үшін PREZI ВЕБ-сервисінің мүмкіндіктерін меңгеру қызықты әрі олар практикалық жұмыстары барысында ағылшын тілін меңгерудің қажеттігін сезініп, технологияны меңгеру үшін тіл білудің маңыздылығын ұғынып, тілге қатысты бастапқы пікірлерінен бас тартып жатады. Бұл дегеніміз Елбасымыз айтқан: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» деген ой тұжырымына саяды.
    Облыс педагогтері біліктілік арттыру курсы аясында PREZI ВЕБ-сервисінің мүмкіндіктерін қолдану бойынша алған білімдерін кәсіби іс-тәжірибелерінде табысты қолданып жүргендеріне куәміз.
    Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз!

    1. Аскербек

      Гүлдана Ерсайынқызы, құнды пікіріңізге қосыламын, еліміздің білім саласының өз деңгейінде дамуында ақпараттық технологияның маңызы зор.

  3. Айгуль

    Аскербек мақалаңыз ұнады, өте өзекті, тиімді әдістердің бірі. Жаңашылдық іздеген маманға арналған.

  4. Маншук

    Құрметті Аскербек Турланович! Сіздің ұсынған мақалаңызда курс аясында өткізген іскерлік ойын сабағынызда қолданған Prezi веб-сервисінің толық мүмкіндіктерін сабақта тиімді пайдалану жолдары, Prezi интернет сервисімен жұмыс жасау кезеңдері көрсетілген. Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіріп, білімін тереңдетіп, әрі тиянақтылығын арттырады . Осындай бағдарламалар меңгерту арқылы рухани бай тұлға қалыптастыра алатыныңызға сенімімін мол. Рахмет!

  5. Аскербек

    Оң пікір білдіргеніңізге ризамын! Аталған интернет сервис сабақты жүйелі əрі қызықты өткізуге көмектеседі.

  6. Толқын

    Әріптесіміз Әскербек Тұрланұлы! Сіздің мақалаңыз өзекті, құнды дүние. Облыс педагогтері үшін PREZI ВЕБ-сервисінің мүмкіндіктерін меңгеру, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Бұл мұғалімдерге үлкен нәтиже бермек. Осындай тың бағдарламаларды игерген әр ұстаздың кәсіби біліктілігі де артады. Сізге шығармашылық табыс тілеймін.

  7. Айша

    Автор өз мақаласында Prezi веб-сервисінің толық мүмкіндіктерін оқу үдерісіне пайдалану туралы баянданған, заманауи технологияларды тиімді пайдалу арқылы ТжКБ білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал ететінінің дәлелі іспетті.