Педагогикалық рефлексия — мұғалімнің кәсіби дамуының құралы

Педагогикалық рефлексия — мұғалімнің кәсіби дамуының құралы

Шаштыгарина С.М.
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Ақтөбе қаласы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
[email protected]

Педагогам в системе использовать технологии организации рефлексивной деятельности с целью проведения анализа и оценки деятельности учащихся с разных позиций; своей деятельности с точки зрения учащихся; определять новые направления в организации эффективного взаимодействия на учебных занятиях с целью включения самих учащихся в активную деятельность.

Білім саласындағы өзгерістердің маңызын саралау,білім жүйесінің түрлі тарауларын бағалау күн сайын өзгеріп жатқан әлемде қазіргі мұғалімге кәсіби дамуында заман ағымына сай шыңдала беруді талап етеді.
Қазіргі мұғалім  пәндік және сынып шеңберінде ғана шешілетін мәселелелер шекарасынан шығу қажеттілігі туындауда. Табиғи апаттар, лаңкестік, ұлтаралық шиеленістер — бүгінгі күннің өзекті мәселелері  тікелей мектепке пен мұғалімге қатысты  педагогты  тек қана биолог, физик немесе тілші маманы ғана емес, өмір мектебінің ұстазы, тәлімгері,  өмірлік дағдыларды қалыптастырушы, өзінің тәрбиеленушілерін өмірдегі түрлі жағдаяттарды жеңе білуге көмектесетін  маман.
С.Л.Фоменко кәсіби даму біліктілігін арттыруымен байланыстырып, оны педагогтың жеке тұлғалық сапаларын өзектендіру деп қарастырады: «Педагогтық   кәсіби дамуы — кәсіби біліктілігін үнемі арттыру, инновациялық қызметке қабілеттілігі,  табанды ұйымдастырушылық,  кәсіби даму  мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолдарын  іздеу, жауапкершілік пен дербестігін дамыту»- деп түсіндіреді.
Э.Ф.Зеер «Кәсіби қызметтің әлеуметтік әсерінен тұлғалық өзгерістің  даму үрдісі  мен жеке белсенділік, өзіндік жетілу мен өзіндік кемелденуге бағытталады» деп тұжырымдаған. Зерттеушілер   педагогтың  белсенділігі  оның дербестігі мен  өзіндік дамуы маңыздылығын  жоғарыдағы анықтамаларында тоқталған.    «Кәсіби қызметтің жаңа тәсілі» сөзсіз инновацияны меңгеруде.
Қазіргі  әлемнің өзгермелі жағдайында  кәсіби біліктілікті арттыру жүйесінің мақсаты заман мен әлеуметті-экономикалық жағдаяттық  талабына сай,  түрлі іс-әрекетке қабілеттілік пен  өзіндік даму қажеттілігіне байланысты мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселесімен өлшенеді.
Әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер сан алуандығы, кәсіби психологиялық-педагогикалық, әдістемелік-педагогикалық мәселелердің (оқытудың тәсілдері, заманауи педагогикалық жағдаяттар, инновациялық кезеңдердің ағымында болу, кәсіби құзіреттілігінің дағдарысын болдырмау қорқынышы, заманауи терминологиялық кеңістікті меңгеру) мұғалімге   шешім қабылдау, таңдау қажеттілігін ұғындырады.
Талдау, сараптау,бағалау, таңдау, танымдық  ойлау қабілеті тұлғалық даму жағдайында өте құнды. Психологиялық, философиялық, социологиялық еңбектерде адамға ішкі қорғану, көмек, даму механизмдерін іске қосуды жүзеге асыру қажеттіліктеріне басым тоқталады.  Әлемнің өзгеру жағдайында адамның ішкі мүмкіндіктерінің  тұрақты даму  факторлары мен өзін өзі тану, өзін өзі  бағалау, өзін өзі өзектендіру  сияқты мәнге ие болады. Қазіргі дереккөздерінде «рефлексия» ұғымына баса назар аударылуда.  Инновацияларды меңгеру кезеңінде педагогикалық рефлексия оқытудың инновациялық технологияларын игеру құралы,  мұғалімнің кәсіби даму тәсілі мен   өз білімін жетілдіру үрдісінде маңызды сипатқа ие болады. Қазіргі  педагогтың өз қызметіне сараптама мен баға бере алуы педагогикалық мәдениетттілігінің маңызды аспектісі.  Өзінің тәжірибесін сараптап талдағанда мұғалім тәжірибесі  ғана емес, одан шыққан түйінді ойлар нәтижесін қолданады (К.Д.Ушинский). Зерттеушілер  кәсіби шеберлікті  дамыту  кілті рефлексия мен кәсіби  тәжірибенің тоғысуы деп есептейді.
Рефлексия дегеніміз не?
Әр адам  өзінің өмір сүру қағидаттары, жеке тұлғалық  қасиеттерін, мінезін   туралы ойланатын кездері болады және  бұл     өзге адамдарға қалай  әсер ететіндігіне есеп береді.
Ненің ақиқат, ненің жалған екендігіне  ой толғап, өзінің өзгеге деген ойы мен әрекетін ақтайтын немесе құптамайтын пікірлер іздейді. Бұл ізденіс үрдісі  адамда ішкі диалог түрінде болып жатады. Өз-өзімен сұхбаттасу адамға өзіне деген қарым-қатынасында зерттеуші ұстанымын ұстауға мүмкіндік береді. Өз-өзімен-ішкі сұхбат құру-рефлексия болып табылады.Тура мағынада рефлексия (латын тілінде  reflexio) дегеніміз-бұл кескін, сұлба.  Ішкі жағдайды жеткізу үшін метафораны қолдансақ, айна ұғымын қолдану орынды. «Айна алдындағы»  позициясы   өзіңді  іштей бақылаушы тұрғысынан   сырттан қарауға көмектеседі. Рефлексия жасау қабілеттілік өзара қарым-қатынаста баға жетпес қабілет. Рефлексияның ерекше тұсы-ойлау туралы ойлану кезеңі. Педагогтың  кәсіби қызметінде рефлексия ерекше рольге ие. Бүгінгі таңда педагогикалық құзыреттіліктің ішінде негізгісі  рефлексивті-талдау құзыреттілігі, яғни іс-әрекетке талдау жасай білу екендігі анықталды.   Ал А.В.Хуторский «сараптау»- «өзіндік талдау»-«рефлексия» ұғымдарын ажырата білуді ұсынады.

Салыстыру өлшемдері Сараптау Өзіндік талдау Рефлексия
Мәні Сабақтың әдістемелік, дидактикалық ерекшеліктерін,оқыту үрдісінің педагогикалық позиция негізінде ролі мен нәтижелілігін анықтау Мұғалімдер мен  оқушылардың сабақ барысындағы әрекеттеріне талдауы Оқу мәселелері және оны шешу жолдарын іздеу
Мақсат  пен
міндеттері
Сабақ мазмұны мен бағалау құрылымы оқыту үрдісінің моделі екендігін анықтау Табысты оқыту тәсілдерін анықтау, жетістіктерді белгілеу, мақсатқа сай екендігін анықтау Шындығында сабақтың  қалай өткенін  анықтау

Айырмашылықтарына қарамастан, рефлексия сараптау мен өзіндік талдау бөліктерін де қамтиды. Өзінің қызметімен әрекетіне рефлексия жасау қабілетімен қажеттілігін түсіну өзін-өзі тану, даму кезеңдерімен тығыз байланысты. Ал бұл дегеніміз, демек-үздіксіз білімін жетілдіру.
«Өзін-өзі зерделеу  мен өзіндік талдаудың айырмашылығы неде?» деген сұраққа атақты психолог В.Леви төмендегідей  жауап ұсынды. «Өзіндік талдау — өзіңнің бойыңда не болып жатқанын түсіну және оны өзгерту. Ал өзін-өзі зерделеу дегеніміз — өзгеруді, өзгерісті армандай отырып, сол үшін әрекет етпеу деді. Мұндай өзгерістің болмауына  туысқандар, достар, тағдыр кінәлі деп ойлайды.   Өзін –өзі зерделеу — бұл бір жұмыс немесе сұхбатты аяқтаған адам, «өткенді» өте баяу «қорытып», «мынадай ету керек еді» деген тіркес пайдаланады. Ал өзіндік талдау — екі жақты  талданады. Олар:  «Нені мен дұрыс жасадым?» «Нені дұрыс жасамадым?». Рефлексия — мұғаліммен қатар оқушының да әрекеттеріне өзіндік сараптау жасауы. Кеше нені жоспарладың? Бүгін не болды? Ертең не жасаймын? Бағалау сұрақтары төңірегінде толғану.
Мұғалімнің  кәсіби дамуында рефлексияның рөлін былай түсіндіруге болады.
Рөлі
Мұғалім  тәжірибесі
(Оқыту, теориялық білім,әріптестермен,мұғалімдермен оқушылармен қарым-қатынас тәжірибесі)
Рефлексия
(Ішкі сұхбат.сұрақтарға жауап,өзіндік талдау,өз қызметі туралы ой)
Нәтижесінде: міндеттеме алу
рефлексиялық ой-пікір қалай құрылады?
Педагогтың рефлексиясы оның сөздерінде, ескертулерінде, пікірлері мен сұрақтарында көрініс табады. Рефлексиялық пікірлер мысалдарына назар аударайық. Оқушыларға өздері жасап жатқан әрекет оларға мынадай жағдайларда түсінікті болады. Егер оларға ұнай ма немесе жоқ,одан не үйренді, не алды дегенді түсіндіруді ұсынса, олар өздеріне жаңалық ашуға құлықты. Жалпы, рефлексиялық кезеңдер ұйымдастырылғын және басқарылуы мүмкін, керісінше рефлексивтік үрдіс тосыннан  пайда болып жатады.
Инновациялық технологияларды меңгеру үрдісінде мұғалімдердің қызметін  бақылауда әдіс-тәсілдер жайлы қарапайым,  құрылымдалмаған, эмоциялық-бағалау пікірлері түріндегі рефлексияны байқауға болады.
Мұғалімдердің  «ұнайды-ұнамайды», «жақсы-жаман», «бұлай жасауға болмайды», «бұл жақсы әдіс» т.б. дегендей төмен деңгейде жеткізілген пікірлер болады.  Кейбір мұғалімдер тәсілдерді қолдануда өзіндік көзқарастарын өз тәжірибелерімен байланыстыра қорытындылай біледі.   Дегенмен  еріксіз рефлексия педагогтың әрі қарай дамытуға қажетті алғашқы әсерлерін білдіреді.
Кәсіби рефлексияны қалай қалай қалыптастыруға болады?
Инновациялық технологиялардың негізгі аспектісі кәсіби рефлексия үрдісін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру,   саналы қызметке  бағыттау.
Зерттеушілердің рефлексия құрылымын әр түрлі жасайды.
Педагогикалық қызметке анағұрлым сәйкес келетін бір нұсқасын қарастырайық.  Қарастырылып отырған нұсқа педагогикалық қызметтің кейбір компоненттері немесе жеке педагогикалық жағдаяттарға негізделеді. Рефлексия құрылымы:

  • Талдауға қажет мәліметтерді анықтау.
  • Оның негізінде жатқан қағидаттар мен игі бастамаларды   жіктеу.
  • Айтылған жағдаяттардың құрамдас бөліктерін талдау.
  • Шешім қабылдауға қажет білім мен бастамаларды жинақтау.
  • Қабылданған шешімді бағалау.

Бұл құрылым — кәсіби рефлексияның ерекше жоспары. Ұйымдастырылған, жоспарланған рефлексия  шешілуі тиіс мақсатты анықтайды, ал ол өз кезегінде міндеттерді нақтылайды.
Ал мақсат пен міндет мектеп пен мұғалімнің  қажеттілігінен туындайды.
Міндеттерді қалыптастыру   үш ресурсқа негізделеді :

  1. Мұғалімнің кәсіби мәселелері мен мұғалімнің өзіндік қиындықтары  (оқыту үрдісіндегі  түрлі жағдаяттар).
  2. Бағдарлама мен жалпы білім стандарттарын салыстыра отырып өзіндік талдау.
  3. Белгілі кезең немесе оқу жылындағы мектептің басым тұстарын анықтау. Рефлексия ұғымын жинақтай келе бұл жеке тұлғаның өзінің сана сезіміне мән беретін зерттеуші үдеріс

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, »Ғылым»,2002.

  1. Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика рефлексии. М., »Наука»,1997.
  2. А.А. Деркач. Акмеологические основы развития профессионализма. М., Воронеж,2004.
  3. Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева  Алматы 2007

Один комментарий к “Педагогикалық рефлексия — мұғалімнің кәсіби дамуының құралы

  1. Уведомления: Обновление содержания образования: технологии обучения и оценивания | Сайт ӨРЛЕУ