Сайт Өрлеу

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Домаева Гулзина
Шымкент қаласы
№61жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалім

Мемлекеттік тілді білу – парыз, өзге тілдерді үйрену – құқық. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жарық жағылып тұратыны белгілі. Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілде:

қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деп атап көрсетті.

Көп тілді білу – өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және иетеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Халықтың рухани, мәдени құндылығымен сусындау үшін ана тілін білу керек. Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деген Абай атамыз». Бүгінгі таңда, халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің нақты рейтингін анықтауда. Адам қандай оқу орнынан болсын өзінің бүкіл өміріне жететін білімді бірден ала алмайды. Оның басты себебі – қоғамның жоғарғы жылдамдықпен дамуы.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы болып отыр. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет. Ендеше үш тілді білу бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. Турасын айтсақ, екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің  барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», — деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр.

Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» деген еді «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзыретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр. Бізде осыған ат салысуымыз керек. Үштілді оқыту – заман талабы.

Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр деп, атап көрсеткендей, жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны белгілі. Қазақстандықтар жаңа буын жастарға сенім артады. Жастарымыз біздің болашағымыз.

Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастар, Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Сондықтан да жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады». Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің,оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуды. Әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру болып отыр.

Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділіктің меңгертуді жолға қою – бүгінгі таңда орта білім жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі болып отыр.

Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деп, осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін белгілеп берді. Аталған үш тілдің әрқайсысының функционалдық мүмкіндіктері мен өзіндік орындарын барынша ашу қажет. Ұлттық бірлік доктринасында мемлекеттік тіл негізгі басымдықпен, сонымен қатар рухани және ұлттық бірліктің басты факторы екендігі айқындалған. Тілдерді меңгерту – әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті, бұл олардың қоғамдық өмірде бәсекеге қабілеттілігі мен белсенділігін айқындайтын болуы тиіс.

Көптілді білім беру – бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілдерде аудармасыз оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік. Педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, қостілділік лингвистикалық, психолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық аспектілерге сүйенеді. Педагогикалық аспектінің негізгі міндеті – екі тілді де оқытудың әдістері мен тәсілдерін жасау және тәжірибеде қолдану, оны меңгеру деңгейін зерттеу. Бұл түсінікке сөйлеу әрекетінің ауызша, сонымен бірге жазбаша түрлері де кіреді.

Еліміздің әлемнің дамыған елу мемлекеті қатарынан орын алуы үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру мәселесі алға шығып отыр. Өйткені, тек бәсекеге қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне өз үлесін қоса алады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауы. Егемен Қазақстан,2008, 7 ақпан.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. Астана, 2013.
  3. Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері. Әдістемелік құрал. Астана-2013.

Один комментарий к “КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

  1. Уведомления: Внедрение трехъязычного образования в рамках обновления содержания среднего образования: состояние и перспективы | Сайт ӨРЛЕУ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code