Сайт Өрлеу

Arduino

Arduino

Arduino

2017 жылдың 16-шы қазанында басталған «Робототехника негіздері» курсының екінші аптасы Arduino UNO платформасымен танысумен жалғасын тапты.

Arduino — бұл, виртуалдылық аясынан шыға алмайтын, стандартты дербес компьютерлерге қарағанда, физикалық қоршаған ортамен неғұрлым тығыз қатынасатын электронды құрылғыларды жобалауға арналған құрал.

Курс мақсаты: тыңдаушыларды Ардуиноның есептеуіш платформасы базасында басқарылатын электронды құрылғыларды әзірлеу, құрастыру және бағдарламалау ұстанымдары және әдістерімен таныстыру, бағдарламалаудың заманауи ортасындағы бағдарламалау дағдысын дамыту.

Кез келген роботтың мәні — бұл процессорлық базасы бар аппаратты құралдар мен бағдарламалау жиынтығы. Сондықтан бағдарламалау тіпті ең қарапайым роботты жасау процесінің ажырамас элементі.

Тыңдаушылар Ардуиноның есептеуіш платформасында басқарылатын электронды құрылғыларды әзірлеп, құрастырып, бағдарламалау үстінде.

Arduino модулін бағдарламалауды үйрене отырып, тыңдаушылар роботтарға жататын қызықты және пайдалы электронды құрылғыларды жасауға дайын болады.