Жаңа білімге – жаңа қадам

Жаңа білімге – жаңа қадам

А. Т. Сисенова
«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы»
Акционерлік қоғамының филиалы
Маңғыстау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру нституты
Қазақстан, Ақтау қаласы
[email protected]

Аннотация: ХХІ век – век новых технологий и информатизации.  Залог  успешного будущего подрастающего поколения – качественное образование.
Summary: ХХІ st century is a century ot new  technologies and intormatization. The key to a succtsstul tuture ot a yound deneration is duality education.
Ключевые слова: Таксономия Блума, технология, информатизация, стратегия, РАФТ-2
Key words: Taxonomy of   Bloom,   technologies, intormatization, strategy, RAFT-2

«Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады»
Сухомлинский

Егемен еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен ену саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен.[1] Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, казіргі заманда егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп  келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Казіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті болып саналады.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Қай кезде,қай қоғамда болмасын  жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы  түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында  тек өз мамандығын шексіз сүйетін ,бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын  мамандар ғана сапалы да,жемісті еңбек ете алады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің  төрт түрін : тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген.Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім,білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады.
Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, сыни тұрғыдан ойланушы, ал,мұғалім осы әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы бағдаршам тәріздес.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушының еркін сөйлеуіне,пікір таластыруына,достарының ойын тыңдауға,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шеше білуге бағытталған.
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін диалогтың,соның ішінде жұптық әңгіменің орны бөлек. («РАФТ-2» стратегиясын қолдану тиімді).
Жаңартылған білім мазмұнының талабына сай, қарапайымнан күрделіге біртіндеп өту көзделеді. Осыдан келіп,сыни тұрғыдан ойлаудың ең тиімдісі болып табылатын  «Блум. Таксономиясы» стратегиясы.
Блум Таксономиясы- білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау
Ең төменгі деңгейі БІЛУ деңгейі,яғни мектепке дейінгі алған білімі немесе белгілі бір тақырып төңірегіндегі білімі.
Келесі ТҮСІНУ деңгейінде оқушы жаңа білім алады.Жаңа білімді мұғалімнен және мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше алады.
Мысалы: бала тілі дамып,сөзден сөйлем құрап,мектепке келеді. Сөздің, сөйлеудің мағынасын түсіне бермейді. 1-сыныпта оқушы сөз,сөйлем туралы жаңа білім алады. Сурет бойынша, сызба,тірек сөздер арқылы сөз,сөйлем,одан әрі қысқа мәтіндер құруды,оған тақырып ойлап табуды үйренеді. Жыл соңында сурет бойынша, сызба,тірек сөздер арқылы,сұраққа жауап алу арқылы мазмұндама жазумен аяқталады.
Қолдану деңгейіне  1-сынып оқушылары түгел жете бермейді.Оқушы білгенін және түсінген ақпаратын қолдана біле бермейді. Мұғалімнің жұмысы осы жерден көрінбек. Бағдарламада көрсетілген жаңа білімді оқушы санасына сіңіріп, өмірде қолдана білуге бағыттауымыз тиіс. Осы үш деңгейде бала білімі қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Әрі қарай ТАЛДАУ,ЖИНАҚТАУ,БАҒАЛАУ деңгейі мәселені өз бетімен шешу,себептерін анықтау,өзіндік ерекше туынды жасау,қарама-қарсы,немесе өзінше  көзқарасын білдіру деңгейлерін болашақтың еншісіне қалдырамыз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі» — деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаруы тиіс.
Заманауи оқу арқылы оқушы бойында жігерлілік, алғырлық, бейімділік секілді қасиеттер орын алады. Сонымен қатар «Қазақстандық патриотизм, құрмет, ынтымақтастық, еңбек, шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу» тәрізді құндылықтаврды оқушыға дарыту басты назарда тұрады. Жалпы алғанда қазақ тілін оқытудың мақсаты ана тілін қадірлейтін, еркін сөйлеп, сауатты жазатын, намысты, рухани бай тұлға қалыптастыру
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатады
Қоғамда азаматтардың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы – сол алған білімдерін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі. Сол себепті қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр.
Мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің  «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып,оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,оқушыларды болашаққа жетелеп,жақсы істі бастап отырмыз. Жаңартылған білім-болашақтың кепілі

Әдебиеттер:

  1. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2015 ж
  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы
  3. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

3 комментариве к “Жаңа білімге – жаңа қадам

  1. марал

    Дұрыс айтасыз, мақалаңыз орынды. Әр мұғалім Блум таксономиясын басшылыққа алу қажет. Сәттілік тілеймін апай, еңбегіңіз жемісті болсын!

  2. Гульнар 26.09.2017. 22:14

    Мұғалімдерге жаңа құндылықтарды игеруге көтеген септігін тигізеді деп ойлаймын! Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

  3. Гүлсім

    Мақалаңызды əрбір мұғалім оқуы тиіс деп ойлаймын. Еңбегіңіз жемісті болсын, Ардақ апай!