Инновациялық технологиялардың оқытудағы тиімділігі және оған жетудегі мұғалім қасиеттері

Инновациялық технологиялардың оқытудағы тиімділігі және оған жетудегі мұғалім қасиеттері

Тулегалиев Амантай Сериккалиевич
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы
[email protected]

Аннотация: В данной статье говорится о качестве преподавания учителя, об эффективности использования инновационных технологий в процессе обучения. Для достижения целей обучения направлять учителей к самостоятельному поиску инновационных подходов в систематической организации учебного процесса.
Summary: The present article reveals teacher’s training quality, and innovative technologies usage efficiency in the teaching process. To reach teaching aims, leading teachers to self-organized searching of innovative approaches at educational process system organizing is demanded.
Ключевые слова: инновационные технологии, стратегия обучения, традиционные методы обучения, проблемные ситуации, возрастные особенности, психолого-педагогические аспекты обучения
Key words: innovative technologies, teaching strategy, traditional methods of teaching, problem situations, age peculiarities, psychological-pedagogic teaching aspects.

 
Қазіргі қоғамымыз оқыту мен тәрбиелеу үрдісін бейстандарттық ойлау мен әрекетке бейім, кез-келген проблемалық ситуациядан шығуға мүмкіндігінше дайын, біртума шығармашыл жеке тұлғалармен қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырады. Аталған тұлғалардың ел игілігі үшін еңбек етуі, бәсекеге қабілетті мектеп түлектерінің қалыптасуы толықтай педагогикалық қызметкерлер еңбегіне байланысты. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген сөздері ойға оралады. Сол себептен білімнің көшін абыроймен алға жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына талабы таудай шәкірт және шыдамдылық, шыңды бағындырар орасан күш тілеймін.
Бұл көзқарас оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін дамытуды, олардың қоршаған ортаның ақиқат болмысына сайма-сай қарым-қатынас жасап әрекет етуге дайындауды, өз бетімен өмір сүруге дайын болуды, қажет білімді өз бетімен, шығармашылық ізденіс арқылы тауып, алған біліктілігі мен дағдысын тиімді пайдалануға машықтандыруды міндеттейді. Отбасында дүниеге келіп, қамқоршылар ортасында дамып жетілетін әрбір сәбидің дербес дамуында (в индивидуальном развитии) алуан түрлі икемділігі мен бейімділігі, табиғи таланты мен дарыны, шеберлігі мен қабілеттілігі, мінез-құлқы мен адамгершілік сипаты әлеуметтік ортада, оның ішінде, мектеп табалдырығына келгеннен кейін, өз құрдастарымен табысып, тіл табысқаннан кейін ерекше айқын көріне бастайды. Ал осы жұмыстың орындалысы толықтай мектептегі мұғалім тұлғасына қатысты. «Егер мұғалім жеке басы өнегесін жұмысқа, оқушыларға деген сүйіспеншілікпен байланыстырса, ол нағыз мұғалім»,- деп орыс халқының ұлы ойшылы Л.Н.Толстой айтқандай,  мұғалім келбеті, оның оқушымен қарым – қатынасы, оқыту үрдісіндегі әралуан педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана білуі — оқыту мен тәрбиенің негізгі іргетасы болып табылады.
Сонымен бірге қазіргі заманауи техникалық жарақтану деңгейінде ақпараттық ағын — тұлға қалыптастырушы жетекші ортаға, әлеуметтік-қоғамдық тәрбиеге тәуелсіз, ақ-қарасы тең факторға айналып отырғандығы кез-келген адамға аян.
Тұлға қалыптасуының аса жауапты осы кезеңінде сәбидің мінез-құлқы, тұтынушылық қажеттілігі, айналасына талап-тілегі, болашаққа арман-мүддесі, ортамен қарым-қатынас әдебі талқыға түседі де, жалпы адамгершілік ұстанымдарға сай қасиеттері шыңдалады. Ал, жеткіншектің орта және қоғамның ортақ талаптарынан тыс эгоистік сипаттары көміскіленіп, орта талабына сай өзгеруге мәжбүр болады. Міне, осы өзіндік дамуы мен қоғамдық пікірге бейімделуге бағытталған психологиялық қақтығыста оқушыға білім беру ұйымдарының «ғылыми-зерттеу орталығы», немесе мектептегі мұғалім статусы, оқушы алдындағы мұғалімнің авторитеті, мұғалімнің оқушы мінез құлқын тез түсіне білуі мен бала психологиясынан толық хабардар болу дағдысы үлкен рол атқарады.  Бұл мұғалімнің  қандай да болмасын ақпаратты оқушы түйсігіне жеткізе білуі, ақпараттың оңы мен терісін жан-жақты талдай білу ерекшелігі, оқушы тәртібін, тәрбие прициптерін, оқушы әрекетін сыни бағалау өлшемдерін терең меңгеріп, түпкілікті оң шешім қабылдауына, шешімін өз бетімен қайта сараптау  дағдысын қалыптастыра білу құзырлылығының болуын талап етеді.Бұл дағды, ғылыми тұрғыдан, индивидтің қалыптасу шарты және өнімді қызметінің іргетасы, яғни тіршілікті ғылыми тану әдісі немесе ойлаудың зерттеушілік стилі деп аталады.
Тұлғаның сәбилік, балалық, жасөспірімдік, ілкі кәсіби жетілуін қамтитын (3 — 23 жас) осы кезеңде, бала бақша тәрбиешілерінен бастап, мектеп  мұғалімдері, колледж және жоғарғы оқу орны оқытушыларының кәсіби шеберлігі — ұжымды  ортақ,  әрбір жеке тұлғаны дербес оқытып, тәрбиелей алуымен сыналады. «Педагог – бұл жас ұрпақтың бойына (адамзаттың) ғасырлар бойы жинақтаған барлық асылдарын сіңіруші, ол оларды соқыр сенімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам»,- деп А.Луначарский көрсеткендей, ұстаз ұлағаты, әрбір жеке тұлғаның «тіл сындыру» — «әріп тану» -«үздік оқушы» — «жас зерттеуші» — «ғалым-маман» — «абыройлы, сегіз қырлы, бір сырлы азамат» болуы дербес даму траекториясын бақылау, бағалай білу және адамзаттық құндылықтар бағытында оқушыны өз бетімен өтуге бағыттап, қолдап, сәтсіздіктерсіз алып шыға білуі оның  құрметтелеуі мен абыройға бөленуінің негізі болып табылады.
Білім мазмұнының жаңаруы әр мұғалімнен өз оқыту жүйесін толықтай қайта қарауды, межеленген нәтижеге жету жолында дәстүрлі оқыту мен тәрбие беру әдістерінің, педагогикалық, инновациялық технологиялардың ең тиімді қасиетін анықтап, тиімділігін көре білу, оларды тиімді пайдалану жолын іздеу, нәтижелілік жолдарын сақтай отырып,  сабақты ұйымдастырудың жаңа инновациялық тәсілдерін кіріктіруді жүзеге асыру болып табылады.
Аталған оқыту мен тәрбиелеу стратегияларын практика жүзінде жүзеге асыру мұғалімнен бірнеше біліктілік қасиеттерінің болуын талап етіп отыратындығы тәжірибеде анықталды. Білім мазмұнының жаңаруына байланысты мұғалімнің өз оқыту жүйесін толықтай қайта қарауы мұғалімнен әр сабаққа дайындалу уақытын, дайындық формаларын және сабақ өткізу әдістерін толықтай ойластыру, уақытты үнемдеу қажеттігі талабын қоя  отырып, оны шешудің де бірнеше бағытын ұсынады. Осыған қатысты мұғалім бойынан табылуы тиіс қасиеттер мен мүмкіндіктерді  бөліп көрсетуге болады:

  • Білім алушылармен жұмыс жасайтын әр маманға білім саласында қолданылатын білім беру стратегиялары мен әралуан педагогикалық инновациялық тәсілдерді толықтай меңгеру қасиеті; Аталған бағыттағы керекті басты қағида – мұғалімнің жоғарғы апталық жүктемесі жағдайында сабақ барысында қолданылатын білім беру стратегиялары мен әр алуан педагогикалық инновациялық тәсілдерді толық және жүйелі қолданудың қиындығына сай әр сабақтың жоспарын алдындағы сынып деңгейіне сай дайындау, оқушы мүмкіндіктерін ескеру болып табылады. Бұл қиындықтың негізгі  себебі мектептегі параллель сыныптардың өзінде бірдей білім беру стратегияларын немесе тәсілдерін қолданудың бірдей нәтиже бере алмайтындығы, және білім мазмұнының жаңару жағдайындағы оқу бағдарламасы мен бағалау формаларына қатысты жалпы мұғалім қауымы алдында  туындап отырған ауыртпалықтар. Осыған байланысты бүгінгі күні мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім үрдісінде қолданылып жүрген білім беру стратегиялары мен әралуан педагогикалық инновациялық тәсілдерді талдай отырып, жеке пән бойынша әр сыныпқа, жеке тақырыптарға арналған инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді қолдану жолдарын ұсынуға мүмкіндік беретін  әдістемелік құрал жасалуы керектігі байқалып отыр.
  • Әрбір мұғалім білім беру технологияларының пән мазмұнының қандай бөлімдеріне, соның ішінде қандай тақырыптар мен сабақтың қандай бөліктеріне сай қолданыс тиімділігінің арту мүмкіндігін болжай білу қасиеті; Мұғалім бойында аталған қасиет белгілері қалыптасуы үшін мұғалім жұмысын жеңілдету, білім беру үрдісін бірізділікке келтіру мақсатында жеке сыныптарға арналған пәндік әдістемелік құралдар, білім мазмұнының өзгерісіне байланысты өткізіліп жатқан біліктілік арттыру курстары соңында сертификатпен бірге әр сыныптың бір жылғы курсына арналған үлгілік қысқа мерізімді сабақ жоспарлары да таратылуы керек. Бұл мұғалім жұмысын жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге білім беру стратегиялары мен әралуан педагогикалық инновациялық тәсілдерді мұғалімдер тарапынан меңгеру нәтижелілігін, яғни білім беру үрдісі нәтижелілігін арттырады және біліктілік арттыру саласында үлгілік жоспарларда қолданылатын жеке стратегияларды пайдалану жолдарына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
  • Сабақ нәтижелілігін арттыру және болашақ ұрпақтың ұлттық менталитет ерекшеліктерін ұмытпай, есте сақтауы, күнделікті өмірде пайдалануы бағытында оқыту стратегияларын мүмкіндігінше жеке-жеке емес, араластыра, дәстүрлі педагогиканың, ұлттық педагогиканың негізгі құрауыштарын пайдалана отырып, қолдана білу қасиеті, бұл педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану нәтижесіндегі оқу-тәрбие үрдісінің бір ізділігі мен ажырамастығы принципін әрқашан ұстануға мүмкіндік береді;
  • Мұғалімнің өзі сабақ өткізетін сыныптардағы оқушылардың жастық, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, олардың әртүрлі сыртқы факторларға жауап беру мүмкіндіктері мен жауап бағытын алдын ала болжаудың мүмкін еместігіне қатысты әрекет ете білу қасиеті; Бүгінгі ақпараттың молшылығы мен әртүрлі идеяларды ұсынудың көптігі жағдайындағы оқушы бойында азаматтық ұстанымдардың пайда болып, қалыптасуында отбасынан бұрын, білім беру ұйымының, соның ішінде өз өнегесімен бағыт беруші мұғалімнің ролінің басымдығы айқын көрініп отыр. Қоғам тарапынан бұл өзгеріске әлі күнге жеткілікті бағасы беріле қоймағанымен, ақпараттық ағынның мол күшінен шаршаған оқушы көмекті ата-анадан емес, мұғалімнен іздейтіндігі дәлелденген факт. Міне, бұл ерекшелік мұғалім тарапынан ынтымақтастық принципіндегі оқыту және тәрбие беру үрдісі қатар болмаған жағдайда оқушының кез-келген белсенді ағымдар қатарына өтіп кету мүмкіндігі күшейетіндігін көрсетеді. Бұдан шығатын қортынды, мемлекет тарапынан мұғалімнің әлеуметтік жағдайына, мұғалімнің материалдық жағдайына басты көңіл бөле отырып, мұғалімнің мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын толық қолдайтын көзқарасы қалыптасуына көңіл аудару қажеттігін көрсетеді.
  • Кез-келген сабақты ұйымдастыру барысында сабақтың негізгі жоспарымен қатар ауыстырмалы, баламалы сабақ нұсқасын ұсынуға дайын болуы, немесе мұғалімнің әдістемелік топтамасының бай болуы, яғни оқытудың белсенді стратегияларын пайдалану барысында оқушылар ұжымы ішінде жас ерекшелігіне қатысты әрқашан бәсекелестік факторының болуын ескере отырып, осы қозғаушы күшті бірлескен жұмыс үшін пайдалана алуы, сол арқылы оқыту мен тәрбие мақсатының орындалысына бағыттай білуі қасиетінің рольі зор;
  • Әрбір мұғалімнің өз жұмысы барысында кездесуі мүмкін психологиялық, физиологиялық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қатысты, педагогикалық ситуациялардан шыға білу қасиеті, немесе проблеманы шеше білу қасиеті болуы; «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, оның әрбір мақтауы балаларды соншалықты шабыттандырады, оның ескертуі бала жүрегіне терең орнығады, демек, барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,- деген орыстың 1850-1860 жылдардағы әдеби сыншысы, ақын, публицисті Н.А.Добролюбовтің сөзі бүгінгі күн мұғаліміне арналып айтылғандай. Ынтымақтастық оқытудың инновациялық тәсілдері, оның қағидаттары мен элементтерінің толықтай жүзеге асуы мұғалімнің өз алдындағы оқушының жас ерекшелігіне байланысты оның психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін түсіне біліп, өз іс-әрекетін соған байланысты жоспарлап, іске асырғанда ғана мүмкін болады.
  • Әр мұғалімнің заман ағымынан қалмай, заманауи өзгерістерді өз тәжірибесіне енгізе білуі мен сол жаңалықтарды өз бетімен саралап, талдай білу, өз біліктілігін арттыруға деген ішкі тұрақты қажеттілігін қамтамасыз ете білу қасиеті; Ағартушы – ғалым, қоғам қайраткері, ақын, публицист А. Байтұрсынов мұғалім тәжірибесіндегі біліктілік, оның маңызы туралы: «Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деп атап көрсеткен. Себебі мұғалімнің білімділік пен сол білімді оқушы бойында азаматтық құндылықтар негізін қалыптастыру үшін пайдалана білуі — белгілі әдістемелік ұстанымдарды тиімді де, ұшқыр пайдалана білгенде ғана мүмкін болмақ, және өз нәтижесін көрсетпек.

Ынтымақтастық оқыту мұғалімдерден өз тәжірибесінде қолдануға ниеттенген әрбір педагогикалық технологияның барлық қырын танып білгенге дейін негізгі идеядан ауытқымау мақсатында әріптесерімен мектепішілік ынтымақтастықта жұмыс жасай білу, яғни әдістемелік ұжымдық жұмысты үйлестіре білу қасиеті болуын талап етеді. Әдістемелік жұмыс мұғалім тарапынан толыққанды жүруі үшін білім беру ұйымының әдістемелік жұмысты ұйымдстырушы бөлімі білім беру ұйымының жалпы жұмысындағы ең нәтижелі және тұралап қалған тұсын табуға бағыт беруі қажет, яғни барлық жұмыс бастамасы ретінде мониторингтік жұмыстар алынуы тиісті. Сондықтан ұйымдағы тәжірибе алмасу, таныстырылымдар, көрмелер, байқаулар, оқу-тәрбие жұмысын реттеу мен түзету, жұмысты бағалау, талдау, рефлексия арқылы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағыттарын табу,  білім беру ұйымы жұмысын тактикалық және стратегиялық жоспарлап алу қажеттігі туындайды. Біздің білім беру ұйымдарындағы туындап отыратын қиындықтың көпшілігі осы стратегиялық, тактикалық және оперативті (жедел) жоспарлаудағы кетіп отырған кемшіліктерге байланысты болып отырған сияқты. Себебі ұйым жұмысының ең жоғарғы стратегиялық бағыты мен жоспары (мекеменің даму жоспарына сай белгілі жағдайға өту кезіндегі ұйымның қалай жұмыс жасайтындығын жоспарлау) анықталмай тұрып, тактикалық немесе оперативті жоспар бойынша жұмыс жасаудың жүйесіз болатындығы, қиындығы мен кедергілерінің көп болатындығы белгілі. Бұл жерде бүгінгі күні білім беру ұйымдары басшыларынан талап етіліп отырған білім беру ұйымының даму жоспарын жасақтаудың ең қажеттілігі де осында.
Ойды қортындылай отырып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы  инновациялық технологиялардың білім беру үрдісін ұйымдастырудың тиімді формасы ретінде тек қана білім беру ұйымының терең ойластырылған стратегиялық, тактикалық және оперативті (жедел іс-қимыл) жоспары болған жағдайда ғана толық нәтиже беретіндігін, сондықтан педагогикалық ұжым мен оқыту үрдісін басқарудың біте қайнасып жатуы қажеттігін бөліп айтқым келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың білім және ғылым қызметкерлерінің Екінші съезінде сөйлеген сөзінен. http://massaget.kz/blogs/15671/
  2. Н. Ә. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы «Егемен Қазақстан» 18.01.2022 ж. № 11 (28235);
  3. Қазақстан Жолы — 2050: Бір Мақсат, Бір Мүдде, Бір Болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС 4.002-2012)  10-бетте
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы  № 832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары»
  6. Смирнов В. З. Педагогические идеи Н. Г. Чернышевского и Н. А., Добролюбова -М.: Государственное учебно-педагогическое издательство министерства просвещения  РСФСР, 1957.
  7. К.Д. Ушинский, Собрание сочинений, М., 1974.
  8. Л.Н. Толстой, Азбука гр. Л. Н. Толстого, Спб. 1872 г. Кн. I.

7 комментариве к “Инновациялық технологиялардың оқытудағы тиімділігі және оған жетудегі мұғалім қасиеттері

  1. Ақзия

    Мақала тақырыбы жақсы ашылған: автор сабақ беру процесінде туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдарын ашық көрсетіп берген. Еңбек әсіресе жас, іс-тәжірибесі аз мұғалімдер үшін инновациялық технологиялармен сабақ беру кезінде тиімді бағдаршам бола алады.

  2. Сауле

    Автор данной статьи затрагивает такие вопросы, как реализация учителями на практике стратегий обучения и воспитания. Предлагает несколько путей решения для самообразования учителем с учетом необходимости экономии времени, так как для подготовки к занятию, в связи с обновлением содержания образования, учителю требуется много времени для планирования форм и методов проведения занятий.

  3. марал

    Оқушыға білім беруде мұғалімнің құндылықтары өте маңызды екенін жақсы жеткізе берген. Ынтымақтастықта оқыту- сапалы білім негізі екенін автор қарапайым тілмен дәлелдеген.

  4. марал

    Оқушыға білім беруде мұғалімнің құндылықтары өте маңызды екенін жақсы жеткізе берген. Ынтымақтастықта оқыту- сапалы білім негізі екенін автор қарапайым тілмен дәлелдеген.

  5. райса

    автор бүгінгі күнгі білім беру жүйесі жағдайындағы нәтижелілікке жету жолдарына тоқталған. осы бағыттағы мұғалімнің жеке тұлғалық және кәсіптік қасиеттерінің жұмыс нәтижесі әсерін практикалық тұрғыда дәлелдеуге тырысқан. рахмет!

  6. майра

    ынтымақтастық оқу жүйесі арқылы нәтижені жақсарту, сапалы білімге қол жеткізу — бүгінгі күннің басты талабы. баяндамашының осы бағыттағы ізденістері мен ойлары жас мұғалімдердің өз қызметін жаңаша түзуге мүмкіндік береді. оларға қандай бағытта жұмыстану, өзінің тұлға ретінде дамуындағы қандай қасиеттерді бойында тәрбиелеуге тырысуы керек екендігі қарапайым тілмен жеткізілген.

  7. амантай

    Аталған тақырыпқа сай менің ойыма қатысты пікір қалдырып, ой бөліскен әріптестеріме көп-көп рахметімді айтқым келеді! Келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын әріптестер!