Сайт Өрлеу

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер

Г. Ж. Сарсенгалиева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Қазақстан, Ақтау қаласы
gulnur1963@inbox.ru

Аннотация: В результате обучения учащимся прививаются такие навыки как критически мыслить, самостоятельно проводить исследования, умение проделывать глубокий анализ полученной информации.
Summary: As a result of training, students are taught such skills how to think critically, independently conduct research, the ability to do a thorough analysis of the information received.
Ключевые слова: информатизация, новый, технология, обучение
Key words: informatization, new, technologies, learning
 

«Мұғалімдер оқыту тәжірибесімен оқушылардың үлгерімін жетілдіруді бағдар ете отырып ,кәсіби қоғамдастық аясында  оқыту тәжірибесін зерттеуге белсене араласқан жағдайда,олардың кәсіби дамуын  анағұрлым тиімді»
Вэй

ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл үдеріс білім бағдарламасының өзгеруімен қатар жүреді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 3 таруының 11 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» — деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып,  жаңа мазмұндағы оқу үрдісін еңгізу. Оқушылардың білім алуда жақсы жетістіктерге жетуіне өз күштеріне сенімін туғызып және оқу үрдісін жеңілдету арқылы жағдай жасау ойластырылды. Бұл әдіс – оқуға, білім алуға деген сезімін ынталандыратын бірден-бір дұрыс әдіс.
Қазіргі заманғы педагогикада педагогикалық шеберліктің маңызды критерийінің бірі мұғалімнің жұмысының нәтижелілігі болып табылады, мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Ол  оқушылардың жүз пайыздық үлгерімінде және олардың пәнге қызығушылығында көрініс береді. Басқа сөзбен айтқанда, егер оқытушы барлық балаларды оқыта алатын болса, ол – шебер ұстаз, өз мамандығының майталман маманы.Осыған орай  мұғалім оқушыны оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған -мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет.Мектеп түлектері қазақ,орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс.Оқытудың нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс».
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мəнмəтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға , бағалауға, оқулықтар мен оқыту əдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды , сондай — ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мəнмəтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды жəне ауқымды халықаралық тəжірибемен өзара əрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар негізінде педагогтардың жұмысының мынадай бағыттарын атап өтуге болады:

Интеллектуалды даму Оқушыларды ғылым негіздеріне оқыту және пәндік құзіреттілікті дамыту
Әлеуметтік даму Әлеуметтік білімді беру, тапсырманы орындаудың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру
Эмоциялық даму Қоршаған ортаға адекватты реакция беруді үйрену, өз эмоциясын көрсете білу

Егер мұғалім бірқатар қабілеттер мен құзіреттердің кешенін игерсе, ондай мұғалім өз жұмысының нәтижесі үшін жауап бере алатын маман бола алады. Шынайы тәжірибеде педагогикалық техниканы меңгеруде мұғалімнің шеберлігі мен кәсібилігі көрініс береді.
Педагогикалық техниканың мынадай компоненттерін ажыратады:
Өзін басқара алу шеберлігі: эмоциялық жағдайға ие болуы, физикалық денсаулық, әлеуметтік сезімталдық, сөйлеу техникасы.
Тұлғамен өзара әрекет жасау шеберлігі: ұйымдастырушылық, байланыстық және бағалау шеберлігі.
Оқытудың дәстүрлі және дамытушы әдістеріндегі оқу үрдісін ұйымдастыру механизмі

Оқытудың түсіндірмелі әдісі Әрекеттің компоненті Оқытудың әрекеттік әдісі
Педагог құрастырады 1. Мақсат – тілектелген болашақтың моделі, алдын ала нәтиже Мәселе құру үрдісінде оқушылар әрекеттің мақсатын іштей қабылдауы қамтамасыз етіледі
Әрекеттің сыртқы себептері қолданылады 2. Дәлелдер – әрекетті тудырушылар Әрекеттің ішкі себептеріне арқа сүйенеді
Педагог таңдайды, көбінесе қойылған мақсатқа тәуелсіз болады 3. Тәсілдер – әрекет іске асатын тәсілдер Түрлі оқыту әдістері, барабар мақсаттар оқытушылармен бірге таңдалады
Мұғалім қарастырған өзгермейтін әрекеттер ұйымдастырылады 4. Әрекет – әрекетің негізгі элементі Әрекеттер өзгереді, жағдайлар оқушының мүмкіндіктерімен сәйкес жасалады
Сыртқы нәтиже, негізінен меңгеру деңгейі бақыланады 5. Нәтиже – материалды немесе рухани өнім Бастысы – үрдістегі ішкі жағымды тұлғалық өзгерістер
Алынған нәтижені жалпы қабылданған салыстырылады 6. Баға – мақсатқа жетудің критерийі Дербес эталондарды қолдану негізіндегі өзін өзі бағалау

Ұрпақ тәрбиесі- бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Жан жемісі, ең алдымен, оқу, білім,тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз- білім ошақтары емес пе? Білім деңгейі қасиет пен қабілетті бағалау жолдарымен жүзеге асады.Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Қорыта айтқанда шәкіртіміздің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау — біздің алдағы жауапкершілікті міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 —  2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана 2010

2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы»\\ Алматы 2010.6 – б.

  1. Масакбаева С.С. Білім берудің мазмұнын жаңарту//Открытая школа.Информационно методический журнал // Главный редактор Лариса Папова; №2.2010. 8 – 10 – б.

Добавить комментарий