Сайт Өрлеу

Педагогтардың шығармашылық дамуындағы кәсіби биіктігі

Педагогтардың шығармашылық дамуындағы кәсіби биіктігі

Қаплиева Айгүл Қыдырбайқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚФ
Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ,
мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық
кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к., доцент 

Шебер-класс өзектілігі:  Қазіргі орта білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұнды білім беру —  XXI ғасырдың басты талабы.  Күні бүгінге дейін дайын білімді берсек, енді сол білімді қалай алу керектігіне жағдай жасау бұл заманның басты кредосына айналуда. Олай болса, жаңартылған білім беру жүйесінің басты проблемасы «білімді адамнан, қабілетті адамға» айналуы қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың шындыққа айналуына әкеледі. Бұл қазіргі педагогикада алған білімдерді нақты ұғыну, нақты түсіну және нақты әртүрлі салада қолдана білуі деп аталады. Алған білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруда ең алдымен мұғалімнің өзі нақты құзіретті, өзіндік даму ерекшелігі жоғары болуы керек.

Шебер-класс мақсаты: педагогтардың шығармашылық кәсіби биіктікке жетудегі өзіндік дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы, өзіне-өзі баға беруі, өзін-өзі өзектілендірудегі әлеуеттерін дамыту.

Түйінді сөздер: шығармашылық, қабілеттілік, қажеттілік, мүмкіндік, табыскерлік, кәсіби биіктікке  жету.

Шебер – класс кредосы:

  • Тыңдай біл!
  • Тыңдата біл!
  • Мүмкіндікті пайдалан!
  • Өзгере біл!
  • Уақытыңды сыйла!
  • Сезе біл, сезіне біл!
  • Ойыңды ашық айт!
  • Басқаның ойын сыйла!

І. Кіріспе бөлім

Біз «Шығармашылық» ұғымын қалай түсінеміз? Шығармашылық ұғымын түсіну үшін шығарма жазудан….

Кейс стадия: Ой жинақтау әдісі:

Жалпы тіл пәндерінде: Шығарма жазу,  Диктант жазу, Мазмұндама жазу әдістері бар. Осы  жазудың  әдістерінің  бір-бірінен айырмашылығы барма? Мұғалімдер  ерекшеліктерін атайды (ойға сақтау, баяндай, ой толғау) Олай болса, әрине шығарма ой толғау әдісі арқылы жазылады шығарманы кезкелген адам жаза алмайды.Ол үшін щабыт керек,  идея керек , сол идеяны дамыту, мақсат қою, еліктеу, портрет жасау,…… т.с.с. Рахмет.  – 3 минут

Олй болса осы шығармашылық ұғымы қайдан педагогикаға келді , қалай шықты  «Шығармашылық» туралы ұлы ойшылдардың даналық ойларын көрелік (Слайд):  Адамның шығармашылығын өзін-өзі дамыту деген алғашқы терминді ұсынған Гераклит,  «Шығармашылықөзін-өзі дамыту, өзін-өзі зерттеу» десе, Сократ «Шығармашылық- бұл ақиқатқа жету жолы»- десе, Платон «Шығармашылық- өз рухын өзіне қарату», Аристотель ««Шығармашылық – даналы ой ойлау» десе, –  Абай  «Шығармашылық- адамның мақсатына жетудегі – талпынысы, сұранысы, ізденісі, ақыл-ой сезімі, қиялы….» — деген екен.

Бейне таспа: Табысқа жету жолы (Академия успеха)

Тренинг: Іске сәт! Жаттығу «Шығармашылық табыс» (қатысушылар алдарындағы үлестірілген қағаздарына  Кіріспе бөлімінде болған көріністерді қағаз бетіне түсіреді) – 1 минут. Сұрақ: Кімдер гүл өсімдік салды?

Кім аңдар салды? Кім табиғат салды? Кім таулар салды? Жұптасайық.

Сонымен зерттеушілер шығармашылықтағы адамдарды үш қасиет жақындастырады дейді: ол, қабілет, қажеттілік, мүмкіндік. Егер сенде осы үштік қасиет болса, онда сен өз өміріңнің иесі бола аласың, өз өмірінің иесі дегеніміз—өздігінен еңбектенудің, ізденудің ең басты жолы. Бұл жол сені біртабан шығармашылық әрекетке жақындатады. Ал, шығармашылық әрекет- осындайға қабілетті адамдарға тән қасиет.

Ой жинақтау: Өзіңе сен!

 Өзіңе сен…

Сенбе сен жұрт тұрсада қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Ақылың мен қайратың екі жақтап. Абай.

ІІ. Негізгі бөлім

Енді шебер класымыздың Негізгі бөліміне кіреміз, Егер Сіз Өзіңізге сенімді болсаңыз, бұл бөлімдегі тапсырмаларды да шығармашылықпен табысқа ие бола аласыз! «Шығармашылық» ұғымына ассоциация жасау: Алдарыңыздағы қағазға 20 дан астам шығарамшылық- бұл сөз жазу (бостандық, бақыт, талант, ғасырды жаңарту, скульптура, ғылым, болжамдар, еңбек, өзін-өзі тану, мәдениет, спорт, мен және әлем, дизайн, коллекция, модалық киім, картина, ландшафт, әдебиет, жазушы, өнер, жақсы іс, бастама)

 Нәтиже: бұл сіздердің яғни, әр адамның шығармашылық ұғымына қосқан үлестеріңіз!

Имитациялық ойын: «Миллион Евро» топтық ойын — 10 минут.

Ойынның тәртібі:

Әр топтан 1 модератор шақырылып, қолдарына пакет сумкасы беріледі. ЕВРО салынған қапшық төгіліп содан өз үлестерін алып өз командаларына апарады. Тапсырма№1. Әкелінген ЕВРОНЫ аз уақыт ішінде жұмсау және жұмсау шығынының максимальды пайдасын жасау. (ватмана беріледі, картография жасалу керек)

Тапсырма жауабы: Үш бөлімнен тұрады 1. Кіріспе, 2. Ендіру механизмі 3. Нәтиже. «Миллион ЕВРО» ойыны арқылы аз уақыт үшінде осындай мүмкіндіктер бола қалған жағдайда оны табыс көзіне айналдырудың картографиясы жасалынды. Егер сіздің топ солай деп ұйғарса, құт болсын! Табыстарың берекелі болсын!

Келесі жұмысымыз Сонымен, біз азғана уақыт ішінде өз-өзімізді жүзеге асыру арқылы көп табысқа жеттік деп ойлаймын.

 Іскерлік тапсырма: «Кәсіби даму баспалдағы» деп аталады. Бұл бүгінгі шығармашылығымыздың қортындысы. Алдарыңыздағы стикермен жұмыс жасаймыз.  Алдымызда «Кәсіби даму баспалдағына» бұл пирамидаға Блум таксономиясы  арқылы  көтерілеміз, шығамыз!

Тапсырма:

— шығармашылық әрекеттке қандай білім мен білік қажет!

— қажеттілікті өтеу үшін қандай қабілет керек!

— қабілетті іске қосудағы басты мүмкіндік !

—  мүмкіндіктегі белсенділік әрекет!

—  белсенділіктегі басты қызығушылық!

— күтілетін нәтиже!

ІІІ. Рефлексия:  «Бүгін есімде қалғаны»

                Мен, аты-жөні…………………………………

              Мен кәсіби өстім, өйткені,………………..

             Мен үшін қажет  үш тілек ……………………