Сайт Өрлеу

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудағы педагогикалық квалиметрия

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудағы педагогикалық квалиметрия

«Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда инновациялық технологиялары»тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға

ӨТІНІМ

1. Қатысушының аты-жөні (толығымен) Асанбай Бәдигүл Зейнуллақызы
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы
3. Қызметі (толығымен, қысқартусыз) Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
4. Материалдың тақырыбы (баяндама/ мақала) Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудағы педагогикалық квалиметрия
5. Бағыты Білім беру мазмұнын жаңарту: оқыту технологиялары және бағалау
6. Ұсынатын ұйым, қала, облыс (қысқартусыз) «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білікті-лігін арттыру нституты
7. Жұмыс телефоны (қаланың коды) 87132560011
8. Телефон (ұялы) 87013962742
9. E-mail Badigul@mail.ru

«Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда инновациялық технологиялары»тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға

ӨТІНІМ

1. Қатысушының аты-жөні (толығымен) Шаштыгарина Сарагул Мустафиевна
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы
3. Қызметі (толығымен, қысқартусыз) Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы, аға оқытушы
4. Материалдың тақырыбы (баяндама/ мақала) Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудағы педагогикалық квалиметрия
5. Бағыты Білім беру мазмұнын жаңарту: оқыту технологиялары және бағалау
6. Ұсынатын ұйым, қала, облыс (қысқартусыз) «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білікті-лігін арттыру нституты
7. Жұмыс телефоны (қаланың коды) 87132560537
8. Телефон (ұялы) 87011830024
9. E-mail s_mustafievna@mail.ru

 

БІЛІМ МЕН ДАҒДЫНЫ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КВАЛИМЕТРИЯ

Б.З.Асанбай
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Ақтөбе облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру нституты
Badigul@mail.ru
С.М.Шаштыгарина
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Ақтөбе облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру нституты
s_mustafievna@mail.ru

Аннотация:
В статье рассматриваются о педагогической квалиметрии в наблюдении и оценки качества и навыков в образовании ученика

Ключевые слова: измерять, оценка, квалиметрия, ожидаемые результаты обучения, цели обучения, система оценивания, модернизация образования.

Summary:

The article is about pedagogical qualimetry in the monitoring and evaluation of the quality and skills in education of student

Keywords:

measure, assessment, qualimetry, expected results of training, learning objectives, assessment system, education modernization.

Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі білім мазмұнын жаңарту болып табылады. Білім беру мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді  шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін  әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталған. Олай болса жеке тұлға қалыптасуында, оқушының білім сапасын арттыруда-өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс-қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімнің ролі ерекше болмақ.

Оқу сапасын арттыруда ең алдымен мұғалім «Жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?», «Оқыту үдерісі тиімді болу үшін не істеу керек?» — деген сұраққа жауап беруі керек. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеліп, мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріліп, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін іздестіру қажет.

Кез келген пəнге сапа жағынан қарау, не болмаса кез келген пəннің сапасын бағалау – квалиметрлік жуықтау деп айтылады. Мысалы, сапа туралы ғылым квалиномия, осы пəнге байланысты сапаны бағалау жəне өлшеумен айналысу, өнімнің сапасының сандық бағалауы квалиметрия болып табылады. “Квалиметрия” жалпы 1960 жылдың ортасына қарай қолданысқа енді. Кейін 1968 жылдан бастап профессор А.В. Гличевтың бастауымен сапаны бағалаудың ұқсастық əдісінің жалпы əдістемелік негізі қаланды жəне оның теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол берілді.

Квалиметрия (латынша qualitas – «қандай, сапасы қандай», metreo – «өлшеу») – өнімнің адам қызметі үдерістерінің сапасын, өнім сапасын басқару мен стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым саласы. Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және дамыту. Квалиметрияның басты мақсаттары: сапа көрсеткіштері номенклатурасын негіздеу, оларды анықтау мен ықшамдау әдістерін жасау, яғни мұғалім статусына қойылатын талаптардың жоғары деңгейде болуы және оның орындалуы, сол себепті мұғалімдерді аттестациядан өткізу елімізде кең орын алған.

Квалиметрия теория жүйесімен өзара байланысты, соның ішінде кез келген объектінің сапасын бағалау теориясының (құрылатын, қолданылатын, субъектіге əсер ететін жəне т.б.) ғылым саласы. Сонымен қатар, ол сапаны бағалаудың сандық жəне сандық емес əдістерін қарастырады. Квалиметрия сапаны бағалау əдістерін зерттейтін ғылым болғандықтан, ол сапаны бағалаудың критерийлері, оларды табу əдістерін, нормативті құжаттамадағы сапа көрсеткіштерінің регламенттеу бойынша қызметтің, қабылдап тапсырғыш, периодты, типті, сертификатты сынаулар үдерісінде сапа деңгейін бағалау мен сапаны бақылаудың негізінде жатқан мәселелерді шешудің методологиясы мен әдістемесін зерттейді. Бұл салада көбіне ықтималдық пен статистикалық әдістер, сандық нәтижелерін өңдеу мен сараптау әдісі, сапа деңгейін бағалау әдісі, нәтижелерді түсіндіру мен шешім қабылдау әдістеріне көңіл бөлінеді.

Квалиметрия ғылым ретінде жалпы дәреже мен өлшеу және бағалау әдістері мен құралдар мен ажыратылатын өзара байланысқан теория жүйесі түрінде көрінеді. Мұндай теорияға жататындар: жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия, пәндік квалиметрия.

Жалпы квалиметрия — мұнда жалпы теориялық мәселелер қарастырылады: түсіну жүйесі, бағалау теориясы, (заңдармен әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар мен ережелер), квалиметриялық шкалалаудың теориясы (соның ішінде салмақтылық),

Арнайы квалиметрия — бағалаудың моделдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі мен анықтылығы: экспертті квалиметрия, ықтималды статикалық квалиметрия, индексті квалиметрия, квалиметриялық таксономия, обьекттердің классификациясы мен жүйеге келтіру теориясы қарастырылады.

Пәндік квалиметрия — бағалау пәні бойынша техника мен өнімнің квалиметриясы, еңбек пен қызмет квалиметриясы, мәселелер мен жобалардың квалиметриясы, үдерістердің квалиметриясы, субьективтік квалиметриясы, сұраныс квалиметриясы, ақпарат квалиметриясы және т.б болып табылады.

Педагогикаға келтірсек, сөз оқушының білім сапасы, тексеру әдісі туралы болады. «Квалиметрия жалпы өлшем теориясы. Мұндай тәсіл метрологиялықты жоққа шығармайды, керісінше оны толықтырып, оның сапалық сипаттамаларын, өлшеу аумағын кеңейтеді. Педагогикада бұл бағыт 1970 жылдарда қалыптаса бастап, өлшеу нысанының ерекшелігіне орай педагогикалық квалиметрия деп аталды». Квалиметрия — әртүрлі нысандардың (зат, құбылыс, процесс) сапасын бағалаушы және сипаттау әдіснамасын зерттеуші ғылыми білім саласы.

Педагогикалық квалиметрия-психолого-педагогикалық және дидактикалық нысандарды бағалайды.

Педагогикалық квалиметрияның негізгі міндеті — негізгі педагогикалық сипаттамаларды, оның ішінде оқушы білімінің сапасын өлшеу әдісін құру. Яғни квалиметрияның басты міндеті — адамның білімін тез және сенімді бағалау.

Оқушылар білімінің сапасы оны құраушы әртүрлі параметрлердің кешенді сипаттамасы ретінде қарастырылады. Өлшеу жеке қасиеттер бойынша да олардың жиынтығы бойынша да, яғни кешенді немесе дара әдістерді қолдану арқылы жүреді.

Квалиметриялық тәсіл педагогикалық өлшемдер түсінігіне де өзінің мазмұндық сипатын енгізеді. Квалиметрияда екі термин өлшеу мен баға қолданылады. Сандық баға эталонға қатысты алғанда қаралып отырған өнімнің кейбір пайызбен есептелген қатынас функциясы. Педагогикалық квалиметрия міндеттерін шешкенде ең күрделі міндет эталонды анықтау, яғни оқушы білімі сапасын немен салыстыру керектігін табу. Оның қандай аралықта өзгеріп қаншалықты шамаға жететінін, қандай жағдайда оқушы біліміне сай баға алатынын көрсету қиындық туғызады. Өлшеу құралдарын әзірлеу үшін оның сенімділік дәрежесіне, сәйкестілігіне көңіл аудару қажет, өлшегіш құрал оқушының қай пәнді қалай меңгергенін объективті бағалауға мүмкіндік беруі керек.

Квалиметрияда, əдетте, кешендік бағалаулар маңызды орынға ие, яғни қасиеттер жиынына кіреді, маңыздылығы мен квалиметрияның шекарасын кеңейтеді. әртүрлі əдіспен алынған барлық бағалаулар квалиметрияның аппараты болып табылады. Олай болса әріптестерімізге көмек ретінде  оқу үрдісінде қолдану мақсатында оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау (Р. В. Овчарова), оқушылардың іс-әрекетке қатысу ынтасын зерттеу әдістемесін (Л.В. Байбородова) ұсынып отырмыз.

Оқушыларға сауалнама

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ

(Р. В. Овчарова бойынша)

2 – иә; 1 – айту қиын; 0 – жоқ.

Сұрақтар:

  1. Маған қиял-ғажайып жобалар құрған ұнайды.
  2. Өмірде не болмайтынын елестете аламын.
  3. Мен үшін жаңа болып табылатын істерге қатысамын.
  4. Қиын жағдайдың тез шешімі табамын.
  5. Негізінен барлық нәрсе туралы өз пікірім болғанын қалаймын.
  6. Өз сәтсіздігімнің себебін табу маған ұнайды.
  7. Оқиғалар мен әрекеттерге өз пайымым негізінде баға беруге тырысамын.
  8. Маған бір нәрсе неге ұнайтынын немесе неге ұнамайтынын негіздей аламын.
  9. Кез келген мәселеде негізгі және қосымша нәрсені анықтау маған қиын емес.
  10. Жауабымның дұрыстығын дәлелдей аламын.
  11. Қиын тапсырмаларды бірнеше қарапайым бөліктерге бөле аламын.
  12. Менде қызықты идеялар жиі туындайды.
  13. Маған басқа нәрседен гөрі шығармашылықпен жұмыс жасаған қызықтырақ.
  14. Әрқашанда шығармашылығымды көрсететін жұмыс табуға ұмтыламын.
  15. Маған жолдастарымды қызықты іске ұйымдастырған ұнайды.
  16. Айналамдағылардың менің еңбегімді қалай бағалайтыны мен үшін маңызды.

Нәтиже:

24-32 бал – жоғары деңгей;

12-24 бал – орташа;

0-12 бал – төмен.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ҚАТЫСУ ЫНТАСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

 (Л.В. Байбородова бойынша)

Мақсат: оқушылардың іс-әрекетке ынтасын(мотивін) анықтау

Жүргізу барысы:  оқушыларға бірлескен әрекетке қандай дәрежеде тартылатынын  анықтау ұсынылады.

Жауап үшін келесі шкала қолданылады:

3 –өте қатты тартады;

2 –едәуір дәрежеде тартады;

1 –әлсіз тартады;

0 – мүлдем тартпайды.

Іс-әрекетке не тартады?

  1. Қызықты іс.
  2. Әртүрлі адамдармен қарым-қатынас.
  3. Жолдастарға көмек.
  4. Өз біліміңді беру мүмкіндігі.
  5. Шығармашылық.
  6. Жаңа білімдер мен дағдыларды игеру.
  7. Басқаларды басқару мүмкіндігі.
  8. Өз ұжымыңдағы істерге қатысу.
  9. Жолдастар құрметін ақтау ықтималдығы.
  10. Басқалар үшін қайырымды іс істеу..
  11. Басқалардан ерекшелену.
  12. Өзіңде белгілі бір мінез-құлық қалыптастыру.

Нәтижені өңдеу және интерпретациялау

Басым мотивтерді  анықтау үшін келесі блоктарды бөліп алу керек:

а) ұжымдық мотив ( 3, 4, 8, 10);

б) жеке тұлғалық мотив ( 1, 2, 5, 6, 12);

в) беделді мотив ( 7, 9, 11).

Әрбір блоктың орта мәнін салыстыру арқылы оқушылардың іс-әрекетке тартылуының басым мотивтерін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер:

  1. Квалиметрия. Оқу құралы/ М.Қ. Асембаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 103 бет.
  2. Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы/ Шәбікова Г.Х., Оспанов Х.Қ., Сыздықов Р.Р., Сыздықов Л.И.-Алматы: Қазақ университеті, 2002.
  3. Азгальдов Г.Г., Райхман Э.П. О квалиметрии. М: Издательство стандартов, 1983г. – 172с. 7 Марченко Е.К. Методы квалиметрии в педагогике. М. Знание, 1989г. – 34с.Диагностика успешности учителя: сб. метод. мат. для руководителей шк/сост. Т.В.Морозова-М.: НОУ «Педагогически поиск»,1997.-94 с.
  4. Повышение педагогического мастерства учителя: опыт создания системы методические работы в школе / Авт.-сост. Н.В.Ширшина.-Волгоград: Учитель,2008.-172 с.