Сайт Өрлеу

Келесі оқу жылына батыл қадам жасайтынымызға нық сенімдіміз!

Келесі оқу жылына батыл қадам жасайтынымызға нық сенімдіміз!

Келесі оқу жылына батыл қадам жасайтынымызға нық сенімдіміз!

Еженханқызы Манаргүл,

Астана қаласы 

№64 мектеп – лицейінің

 бастауыш сынып мұғалімі
 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру институты мұғалімдердің біліктілігін  жүйелі түрде арттырып келеді. Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес  «Өрлеу» БАҰО» білімдегі тың жаңалықтарды педагогтарға оқыту және меңгерту жұмыстарына   барынша атсалысуда.

Республикамызда орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрларының біліктілікті арттыру курсы білім беру жүйесін реформалауға  үлесін қосумен ғана шектелмей, ұстаздарымыздың білім беру тәжірибесіне жаңашыл көзқарас еңгізуде.

Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде тиімді әдіс-тәсілді қолдану болып табылады. Аталмыш курста өтіліп жатқан   бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған арнайы тәжірибелік сабақтар  ұстаздардың  жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ өткізудегі бірқатар күрделі мәселелерінің шешімін табуға айтарлықтай ықпалын тигізіп отыр.

Жаңартылған оқу бағдарламасындағы педагогикалық оқыту әдістеріне байланысты  көкейкесті көп сауалдарға  жауаптар  табылып ,  ұстаздардың көңіліндегі түйткілді мәселелер шешімін таба бастады.

Оқулықтар төңірегіндегі келеңсіз кемістіктер талқыға салынды. Жаңа бағдарламадағы сабақ түрлері  практикалық сабақтармен дәлелденіп,  курсқа қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Әдістемелік кеңестер беріліп,  ұстаздардың жарқын  болашаққа деген сенімдері оянды.

Білім берудің жаңаша формасының қыр – сырымен сусындатып ,  XXI ғасырдың білім беру  әдіс-тәсілдеріне   қызықтыра үйреткен, біліктілігімізді шыңдауға барынша үлесін қоса білген оқытушымыз «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚБАИ-нің аға оқытушысы Дюсембинова Бақыт Серікқызына алғысымыз шексіз!

Бұл курста оқу мен оқытудың заманауи түрлі әдіс-тәсілдерінен  шынайы бағыт-бағдар алдық.  Сондықтан да, келесі оқу жылына батыл қадам жасайтынымызға нық сенімдіміз!